Қазақстанда жеке куәлік пен төлқұжатты енді терминал арқылы алуға болады

03.03.2023, 19:03
29047
Қазақстанда жеке куәлік пен төлқұжатты енді терминал арқылы алуға болады

Астананың ХҚО-да құжат алатын терминалы іске қосылды. Автоматтандырылған өз-өзіне қызмет көрсету терминалы биометриялық жүйемен, фотосуретке түсіру функциясымен және арнайы интерфейспен жабдықталған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оның көмегімен адам жеке куәлік немесе төлқұжат алуға өз бетінше өтініш бере алады.

Құжаттандыру терминалы елордалық ХҚКО-да пилоттық режимде іске қосылды. Жобаны ІІМ мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп әзірледі. Жаңа ХҚКО-да 4 осындай құрылғы жұмыс істейтін болады. Жаңа аппаратпен бүгін Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов пен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин танысты.

Құрылғының көмегімен тек өтініш беріп қана қоймай, дерекқордағы фотосурет бойынша жеке басты сәйкестендіріп, QR-коды арқылы төлемді сол жерде жасауға болады.

Бірнеше қадам жасау жеткілікті:

  • ЖСН және ұялы телефон нөмірін енгізу;
  • суретке түсіру және қол қою;
  • экрандағы QR-кодты пайдаланып, мемлекеттік бажды төлеу;
  • SMS арқылы қалыптастырылған қолхат алу;
  • көші-қон қызметінің қызметкеріне өтінім нөмірін дайындау үшін көрсету.

Бұл ретте ұялы телефон нөміріңізді мобильді азаматтар базасына тіркеу қажет, бірақ мұны өтінімді ресімдеу кезінде де жасауға болады.

Айта кету керек, бүгін ІІМ терминал арқылы ресімделген жеке куәлік дайындады. Қанат Дәрібаев жаңа аппаратты пайдаланған алғашқы адам болды.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады