Автобуста жол ақысын төлемейтіндерді анықтайтын жүйе Астанада орнатылды

12.01.2025, 12:09
913
Автобуста жол ақысын төлемейтіндерді анықтайтын жүйе Астанада орнатылды instagram.com/jenis_qasymbek

Әкім Жеңіс Қасымбек автобустардың жұмысымен қатар, диспетчерлік қызметпен танысты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, CTS Орталық диспетчерлік қызметінің кеңсесіне барған Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram-дағы парақшасында қоғамдық көліктің жұмысы туралы жазды.

— CTS Орталық диспетчерлік қызметінің кеңсесіне бардым. Бұл орталық қала бойынша барлық автобусты мониторингілеп, бақылап отырады: қоғамдық көліктің статусын, желіге қаншалықты уақытында келетінін, кептеліс кезінде автобустардың жұмысын реттеу қажет пе, жол қозғалысының қарқындылығын және т. б. көреді, — деп жазды ол.

Әкімнің сөзінше, екі жылда желіге 700-ден астам жаңа автобус шығарылды.

— Соңғы екі жылда желіге 700-ден астам жаңа автобус шығардық, бұл бізге қоғамдық көлік паркін 45% жаңартуға мүмкіндік берді. Осының және жүйені жаңғырту есебінен жолаушылар ағыны 26%-ға артты. Мәселен, 2023 жылы жолаушылар ағыны күніне орта есеппен 755 мың адамды құраса, 2024 жылы 950 мың адам болды, — деп атап өтті Қасымбек.

Елорда басшысы Bus Lane енгізу есебінен автобустарды күту уақыты қысқарғанын, ал көліктің орташа жылдамдығы 16 км/сағ дейін артқанын айтты.

— «Ақылды бағдаршам» енгізілген учаскелерде көліктің орташа жылдамдығы 30 км/сағ дейін ұлғайды. Сол сияқты бүгін автобустарға түсетін жүктемені бақылау бойынша пилоттық жоба таныстырылды. Жолаушыларды бақылауды жақсарту үшін жүйе әр автобуста нақты қанша адам билетсіз жүретінін көрсетеді. Бұл көліктік бақылау департаментінің тиімді жұмыс істеуіне және жолақы төлеуден жалтарғандарды анықтауды арттыруға, сол арқылы оларды азайтуға мүмкіндік береді, — деп түсіндірді ол.

Әкімнің сөзінше, CTS базасында көлік басқарудың бірыңғай орталығының тұжырымдамасы таныстырылды.

— Қазір автобустардың статусын нақты уақыт режимінде көріп отырмыз, ал енді бұл жобаны қаланың коммуналдық қызметтеріне де енгізу жоспарланып отыр: желіге қанша тазалау және суару техникасы шықты және т. б. Жоғарыда айтылған барлық жұмысты, оның ішінде жол инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстарды биыл да жалғастырамыз, — деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Бұған дейін хабарланғандай, Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінің құрылысы қашан аяқталатыны айтылды.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады