1568

Астанада әйеліне ренжіп, көпқабатты ғимараттың төбесіне шыққан ер адам 5 тәулікке қамауға алынды

Әйеліне ренжимін деп істі болды.

Астанада әйеліне ренжіп, көпқабатты ғимараттың төбесіне шыққан ер адам 5 тәулікке қамауға алынды
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада әйеліне ренжісіп, кейін көпқабатты ғимараттың төбесіне шыққан 36 жастағы ер адам бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Ер адамның видеосы желілерде тарады. Оның биік ғимараттың төбесінен аяғын салбыратып отырғаны жұртты шошытты. 

Полиция департаментінің хабарлауынша, ер адамға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалған. Сот ер адамға бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға ер адамның әйелімен болған жанжалынан кейін болған.

Материал авторы