«Сахна сәні»: әнші Мақпал Жүнісованы министр және эстрада өкілдері туған күнімен құттықтады (ФОТО, ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
12.01.2025, 16:56
2339
«Сахна сәні»: әнші Мақпал Жүнісованы министр және эстрада өкілдері туған күнімен құттықтады (ФОТО, ВИДЕО) жеке мұрағатынан

Мақпал Жүнісова 61 жасқа толды

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әншіні мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева және Алтынбек Қоразбаев бастаған өнер жұлдыздары құттықтап, жылы лебізін білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды. 

Өнер иесі туған күніне арналған лебіздерді Instagram-дағы жеке парақшасында жариялады.

"Құрметті Мақпал Мұхамедиярқызы, сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Өзіңізді ерекше даусымен, дара дарынымен көптің жүрегін жаулаған танымал әнші, қазақ өнерінің қайталанбас тұлғаларының бірі ретінде білеміз. Шынайы болмысыңыз, қазақ мәдениетіне деген адалдығыңыз, сахнадағы қайталанбас орындаушылық шеберлігіңіз халқымыздың жүрегінен орын алды. ...Бүгінгі туған күніңізде деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, сарқылмас күш-қайрат пен бақ-береке тілеймін!", - делінген министр Аида Балаева жолдаған құттықтау хатында. 

Ал танымал әнші Мейрамбек Бесбаев желідегі жеке парақшасында бала күнінде өнердегі әпкесімен түскен суретін жариялап, жыр жолдарын арнаған.

Бұған қоса бір топ өнерпаз Мақпал Жүнісоваға видео арқылы құттықтау жолдаған.

"Ардақты халайық, сүйікті әріптесім Мақпал, туған күнің құтты болсын! Екеуміз қырық жылдан астам Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі талай-талай жерде гастрольдік сапарда болып, әнімізбен, өнерімізбен қазақ елін сусындаттық. Тағы бір 20-30 жыл халқыңды әдемі әніңмен, әдемі күлкіңмен сусындата бер! Туған күнің құтты болсын!" - деп тілегін білдірген Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаев. 

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды