Менен кейін өледі деп ойлайтынмын: Исабеков Мағауиннің әруағынан кешірім сұрады

Аиса Махамбет Редактор
12.01.2025, 17:38
995
Менен кейін өледі деп ойлайтынмын: Исабеков Мағауиннің әруағынан кешірім сұрады жеке мұрағатынан

Жазушы-драматург Дулат Исабеков Мұхтар Мағауиннің қазасына қатысты пікір білдірді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Дулат Исабеков марқұм Мұхтар Мағауиннің жақсылығын айтып, әруағынан кешірім сұрады. Бұл туралы Aykin.kz жазды.

Жазушы Д.Исабеков “Хабар” телеарнасының “7 күн” сараптамалық бағдарламасына берген сұхбатында Мұхтар Мағауин туралы айтты.

“Мұхтар Мағауиннің қазасын естігенде отырып қалдым. Ойпырым-ай, кеше ғана сау адам сияқты еді, екеуіміз айтысып жүр едік қой. Бұл қалай болғаны? Тіршілігіңде өлмейтіндей жүреді екенсің”, – деді жазушы-драматург.

Исабеков Мағауинді ұзақ жасайды, өзінен кейін өмірден өтетін шығар деп ойлаған екен.

“Қайтыс болады деген ойымда жоқ еді. Кейде Мұхаңды “Әй, менен кейін қайтыс болатын шығар” деп ойлайтынмын”, – деп сөзін жалғады жазушы.

Сөз соңында Исабеков кезінде Мағауинмен өзімен баспасөз бетінде біраз айтысқанын еске түсіріп, кешірім сұрады. Және де қазақ халқына үлкен әдеби, рухани олжа қалдырып кеткенін атап өтті.

“Ал, айналайын, Мұха! Артық айтып қойған болсам, әруағың кешірсін. Артық айтқан ешнәрсем жоқ сияқты деп ойлаймын. Егер де солардың бірін артық деп санасаң, кешірім сұраймын! Қазақ халқы үшін үлкен олжа қалдырып кеттің. Өзің кеттің, артыңда Мұхтар деген атың, шығармаларың мәңгілік қалды”, – деді Дулат Исабеков.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр