Юлия Путинцева әлемдік рейтингіде өзінің жеке рекордын жаңартты

13.01.2025, 09:47
621
Юлия Путинцева әлемдік рейтингіде өзінің жеке рекордын жаңартты Getty Images / Robert Prange

Ал Рыбакина 7-сатыға түсіп қалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтінгісінде қазақстандық теннисші Юлия Путинцева 23-орынға көтерілді. Бұл туралы Kazinform жазды.

Өткен аптада Аделаида (Аустралия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына дейін жеткен Ю.Путинцева өзінің жеке рекордын тағы бір жаңартты.

Бір апта бұрын ол 29-дан 25-ке жоғарылап, өзінің спорттық жолындағы үздік көрсеткішіне қол жеткізген еді.

Аделаидада финалға дейін жеткен америкалық Джессика Пегула қазақстандық Елена Рыбакинаны ығыстырып, алтыншы орынға шықты. 

Е.Рыбакина 7-сатыға түсіп қалды.

Жұптық сында Қазақстанның үздігі Анна Данилина 23-тен қайтадан 22-ге көтерілсе, Ю.Путинцева 111-ден 108-ге ауысты. Жібек Құламбаева бұрынғыша 156-да тұр. 

Е.Рыбакина, Ю.Путинцева және А.Данилина Мельбурнда өтіп жатқан Аустралия ашық чемпионатында сәтті өнер көрсетсе, әлемдік рейтингідегі жағдайларын жақсарта алады. 

Е.Рыбакина 14 қаңтар күні алғашқы айналымда аустралиялық, 16 жастағы Эмерсон Джонспен, Ю.Путинцева армениялық Элина Авенисянмен ойнайды. 

«Үлкен дулыға» турнирінің 8-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина – ресейлік Ирина Хромачева бастапқы кездесуін ресейлік Камилла Рахимова – испаниялық Сара Соррибес-Тормомен өткізеді.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды