Универсиада-2025: хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Швецияны ірі есеппен ұтты

13.01.2025, 10:13
587
Универсиада-2025: хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Швецияны ірі есеппен ұтты instagram.com/kazakhstanhockey

Қысқы Универсиаданы жеңіспен бастадық.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Туриндегі (Италия) қысқы Универсиаданы жеңіспен бастады.

Қазақстан құрамасы А тобында Швеция командасын 9:2 есебімен ұтты. Шведтер сапынан Джонатан Мейер (6-минутта) және Фольке Калла Линдфорс (13) шайба соқты. Кейін қазақстандық хоккейшілер 9 шайбамен жауап қайтарды. Андрей Буяльский (20, 60), Николай Шульга (20, 29), Даниил Цыбин (32, 37) дубль жасаса, Максим Мусоров (49), Әділ Бейсембаев (52) және Денис Чапоров (58) бір голдан салды.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 14 қаңтарда Оңтүстік Кореяға қарсы өткізеді. А тобында Канада мен Чехия командалары да бар. Ширек финалға өту үшін бес құраманың ішінде үздік төрттікке кіру қажет.

Айта кетейік, Туриндегі қысқы Универсиадаға 103 қазақстандық спортшы қатысады. Олар биатлон, шорт-трек, шаңғы жарысы, мәнерлеп сырғанау, спорттық бағдарлау, фристайл, тау шаңғы спорты, ерлер мен әйелдер хоккейі және алғаш рет жарыс бағдарламасына енгізілген пара шаңғы бойынша сынға түседі.

«Камераның паролін ұмытып қалдым»: Балабақшаға баратын бүлдіршін саңырау боп қалды (ВИДЕО) «Далаға атып шықтық»: Айнұр Тұрсынбаева Ыстамбұлдағы жер сілкінісі кезінде дүкенде жүргенін айтты Астаналық келіншек Сириядағы содырларға қыздарын бермек болған «Көп құтырған екі рет қамалады»: Блогер Мұрат Әбділда қайтадан қамауға алынды Microsoft Work Trend Index 2025 есебі: заманауи жұмыс процестерінің дәуірін жаңа буын компаниялары анықтайды – Frontier Firm АҚШ-тың 12 штаты Трампты сотқа берді Күйеуінің көңілдесімен болғанын жасырын түсіріп алған әйел бейнежазбаны желіге салып жіберген Құны 50 млн теңге тұратын сәукеле Ресейдегі музейден табылды Полицейді өлтірген 19 жастағы бозбала орманда тығылып жүр «Саясаткерсымақтар бар»: Тоқаев халықты елге іріткі салатындармен күресуге шақырды Тоқаев: «Қытайдың қазаққа зияны жоқ» Дауа іздегендерге несие алдырған ақтөбелік емші сот алдында жауап беріп жатыр «Сериалдағы рөлі үшін»: Танымал блогердің үстінен іс қозғалды «Түрмеде отырғаным артық еді»: Ресейдің атынан соғысқа қатысқан қазақ жігіті өз оқиғасын әңгімеледі Айыппұлдан шаршаған ер адам 52 камераны сындырып, енді 40 млн теңге айыппұл төлейтін болды Айжұлдыз Адайбекованың құлағына сырға салынды Түркиядағы жер сілкінісінен 236 адам зардап шекті Алматыда такси жүргізушісін ұрып тастаған ер адам ұсталды Астанада алты жасар баланы жүк көлігі қағып өлтірді 24 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды