Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы қысқы Универсиададағы алғашқы ойында 0:10 есебімен жеңілді

13.01.2025, 10:48
734
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы қысқы Универсиададағы алғашқы ойында 0:10 есебімен жеңілді instagram.com/kazakhstanhockey

Бүкіл матч бойы Жапония құрамасы қарсыластарының қақпасына 68 соққы жасады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Италияда өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарын ірі жеңіліспен бастады.

2025 жылғы қысқы Универсиада ойындарының ашылу салтанаты 13 қаңтарда Туринде өтеді. Дегенмен бұл додада хоккей ойындары басталып кетті. Қазақстан әйелдер құрамасы В тобындағы алғашқы матчында Жапониядан 0:10 есебімен жеңіліп қалды.

Жапония құрамасы сапынан Сакура Китамура (4, 10-минуттар), Рири Норо (16), Марин Нагаока (19), Комомо Ито (35), Минами Камада (42), Рука Киекава (50), Шиеру Хигучи (54) және Кахо Сузуки (56) шайба соқты.

Бүкіл матч бойы Жапония құрамасы қарсыластарының қақпасына 68 соққы жасады.

В тобындағы бірінші айналымның тағы бір кездесуінде Чехия құрамасы АҚШ-ты 6:3 есебімен ұтты. Осылайша, қазақстандық хоккейшілер қосымша көрсеткіштер бойынша америкалықтарды алға жіберіп, топтың соңғы орнына жайғасты. Жапониялықтар көш бастаса, Чехия құрамасы екінші орынға табан тіреді.

Айта кетейік, жартылай финалға жолдама алу үшін топтық кезеңде үздік екі құраманың қатарына іліну керек. Екінші айналымда қазақстандық хоккейшілер 14 қаңтарда Чехиямен ойнайды.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады