Маңғыстауда 19 жастағы сарбаз өлімі: Қылмыстық іс бойынша сот ашық өтіп жатыр

Аиса Махамбет Редактор
13.01.2025, 11:17
611
Маңғыстауда 19 жастағы сарбаз өлімі: Қылмыстық іс бойынша сот ашық өтіп жатыр жеке мұрағатынан

Қасақана адам өлтіру ісі бойынша сот басталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада Ақтау гарнизоны 25744 әскери бөлімі зениттік артиллериялық взвод командирі Дамир Досовтың соты өтіп жатыр. Ол 19 жастағы сарбазды атып өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

22 жастағы гвардия лейтенанты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-тармағы "Қасақана адам өлтіру" бойынша айыпталып жатыр. Ол 2024 жылдың қыркүйегінде Маңғыстау облысындағы әскери полигонда 19 жастағы сарбазды атып өлтірді деген күдікке ілінген.

Сот отырысы Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында өтіп жатыр. Марқұмның отбасының адвокаты Азамат Сағалдың айтуынша, іс ашық түрде қаралады.

Қайғылы оқиға 2024 жылдың 7 қыркүйегінде болды. Әскери оқу-жаттығу өтіп жатқан Оймаша полигонында 25744 әскери бөлімінің взвод командирі жауынгерлік тапаншадан оқ атып, сарбаздың басына тиген.

Марат Барқұлов ауыр дене жарақатын алып, ауруханаға апарар жолда мерт болды. Марқұмның отбасы бұл абайсызда болғанына сенбейді. Сарбаздың әкесі ашық тергеу жүргізуді өтінген.

Әскерге шақырылған азамат мерт болғаннан кейін қорғаныс министрлігі Маңғыстаудағы төтенше жағдайдың мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрды.

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған