684

Ақтаудағы балалар алаңында жүрген баланы көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Апатқа ұшыраған жеңіл автокөлік Ақтаудағы балалар алаңында ойнап жүрген баланы қағып кетті.

Ақтаудағы балалар алаңында жүрген баланы көлік қағып кетті (ВИДЕО)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша,  inAktau.kz сайты оқиға 29-шы шағын ауданда № 22 үйдің жанында болғанын жазды.

Hyundai Accent маркалы машинасы Mercedes-пен соқтығысып, сол кезде балалар жүрген ойын алаңына кірген. Апаттан зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді.

Кешке қарай болған апат туралы қалалық полиция департаменті түсініктеме берді.

"Осы факті бойынша Mercedes автокөлігінің жүргізушісіне ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Көлік айыппұл тұрағына қамалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - деді полиция қызметкерлері.

Материал авторы