850

Желіде математикадан сабақ берген 93 жастағы кейуана қазақстандықтарды тәнті етті (ВИДЕО)

Мектеп бітіргеніне 40 жыл болған оқушыларына сабақ берген.

Желіде математикадан сабақ берген 93 жастағы кейуана қазақстандықтарды тәнті етті (ВИДЕО)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде БҚО-лық 93 жастағы мұғалімнің видеосы қазақстандықтарды тәнті етті. Видеода кейуана тақтаға шығып есеп формулаларын түсіндірген. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Деректерге сүйенсек, бейнежазбаның сипаттамасында бұл 93 жастағы сынып жетекші Назия Губайдоллақызы екендігі айтылған. Ол сол кезде өзінің мектепті бітіргеніне 40 жыл толуына орай жиналған ересек оқушыларына сабақ берген.

Сонымен қатар кейуананың қызы анасының немерелерін ҰБТ-ға дайындауға көмектескенін және оның күш-жігерінің арқасында балалардың барлығының грантқа түскенін айтады.

Желі пайдаланушылар өздерінің таңданысын жасырмады. Олар ұстаздың есте сақтау қабілетіне тәнті болды. Бейне астында адамдар мұғалімге ұзақ өмір тіледі.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор