Қаржаубай Нұрымовтың отбасына меценат үй салып беретін болды

13.01.2025, 13:51
1120
Қаржаубай Нұрымовтың отбасына меценат үй салып беретін болды SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Қаржаубайдың отбасы үшін үй меценаттың қаражатына сатып алынады дейді Айтбек Амангелді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талғарда кісі қолынан қайтыс болған Шерзат Болаттың отбасына меценаттың берген қаржысына үй салынатын болды. Бұл туралы құқық қорғаушы Айтбек Амангелді айтты. 

Қаржаубайдың отбасы үшін үй меценаттың қаражатына сатып алынады, ал Перизаттың жинаған ақшасы бұл мақсатқа жұмсалмайды. Біздің бұл жинаққа қатысымыз жоқ болғандықтан, оның реквизиттерін білмейміз. Қазіргі уақытта пікірлерде әртүрлі реквизиттер пайда болуда, алаяқтық әрекеттерге жем болып қалмаңыздар. Реквизиттерді нақтылау үшін ақпаратты тікелей Перизатқа хабарласып алуға болады. Бұл жинақтың мақсаты бізге белгісіз.

Перизат ешқандай қылмыстық іс бойынша жәбірленуші болып табылмайды және ол біздің сенім білдірушіміз немесе қамқорлығымыздағы тұлға емес. Оның өз адвокаттары және қоғамдық қайраткерлері бар. Осы жинақты бізбен және Қаржаумен байланыстырмауларыңызды сұраймыз, - дейді Айтбек Амангелді.

Айта кетейік, Шерзат Болаттың әкесінің үйі қазан айында өртеніп кетті. Өрт сөндіру қызметінің жедел әрекетіне қарамастан үй толығымен жанып кеткен. Кейіннен үйдің сыртынан канистр мен резеңке қолғап табылған еді. Әлі күнге дейін үйді өртеген күдіктілер ұсталған жоқ.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды