Мектеп асханасында балаларға жуынды берген (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
13.01.2025, 14:18
662
Мектеп асханасында балаларға жуынды берген (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Желі қолданушысы алматылық мектеп асханасының сапасына шағымданды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде мектеп асханасында аспаздардың оқушыларға тамақ қалдықтарын жылытып, қайта берген видеосы тарады. Желі қолданушысының мәлімдеуінше, оқиға Алматыда №67 орта мектептің асханасында болған. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Сәуле Айтмағанбетова есімді желі қолданушысы парақшасында №67 мектеп асханасының санитарлық талаптарға сай келмейтінін дәлелдейтін бірнеше видео жариялаған. Сөзінше, асханада бірнеше күн бұрын дайындалған бәліштер мен пиццалар сатыла береді. Яғни оқушыларға мерзімі өткен өнімдер беріледі.

Одан бөлек видео авторы қалған котлеттерді қатырып, кейін қайтадан оқушыларға салып беретінін, ыдыста қалып қойған қалдық тамақтарды жинап, басқа оқушыларға салып беретінін айтады. Айтмағанбетова 9 қаңтардағы жазбаны бөлісті.

Ол мектеп асханасына тексеріс жүргізуді талап етті. 

Stan.kz тілшісі жағдайға қатысты Алматы облыстық білім басқармасынан пікір сұраған. Білім басқармасы мектепке тексеріс жібергенін мәлімдеді.

“№67 орта мектепке аталған барлық мән-жайды зерделеу үшін тамақ сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық топтың жұмыс комиссиясы жіберілді.

Барлық мектепте тексеру комиссиялары құрылды, олардың құрамына мектеп әкімшілігінің өкілдері, әлеуметтік қызметкер, медицина қызметкері және ата-аналар қоғамдастығының мүшелері кіреді. Ұсынылатын тағамның сапасын сапаны бақылау комиссиясы айына екі рет, ал күн сайын мектептің медициналық қызметкері тексереді”, – деп түсіндірді білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, тамақ қалдықтары балаларға қайтадан берілмеуі тиіс.

“Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы бұйрығымен бекітілген "Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың" 65 санитарлық тармағына сәйкес тамақ қалдықтары асханадан бөлек жерде, далаға шығатын тұста контейнерлерге лақтырылуы керек”, – делінген хабарламада.

Қалтада дүрбі сақтаудың қажеті жоқ — бәрі Honor смартфонында Семейлік 32 жастағы мұғалім оқушы қызды көліктің ішінде зорлаған Ерке Есмахан күйеуінің туған күнінде жаңа үйге көшкенін айтты (ФОТО) «Пәтер, анасы екеуінің еміне қаражат, инвестиция»: әйгілі бетперделі жігіт 4 дүркін әлем чемпионына көмектесті (ВИДЕО) Жантүргішерлік жол апатынан павлодарлық балалар ауруханаға түсіп, бапкер қаза болды Жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға 1,2 млн теңге сыйақы берілді Астанада ер адам көпірден секіріп кетті «Қар, көктайғақ»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген Алматы қаласында «Инклюзивті қала: шешімдер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия өтті «Қыздар көре алмай жатыр»: Диана Скатова жеке өмірінен сыр шертті «20 жылға соттамақ»: Ресейде адыраспанмен ұсталған қазақстандық ер адам 8 ай қамауда отыр Шерзаттың анасы куәгер қыздардан жедел жәрдем шақыруын сұрағанда олардың тас лақтырғанын айтты Ауғанстанға Қазақстан 36 вагон көмек апарып берді «Маған «сені де өлтіреміз» деп айтты» – Шерзаттың анасы Гүлбара Бейшімбаева Мұхтар Шахановтың жұбайы Розалинда Шаханова өмірден озды