Air Astana сотта жеңілді: Компания әуежайда жалғыз қалып қойған қыздың отбасына 5 миллион теңге төлейді

13.01.2025, 14:49
1649
Air Astana сотта жеңілді: Компания әуежайда жалғыз қалып қойған қыздың отбасына 5 миллион теңге төлейді depositphotos.com

12 жасар Зерені рейске отырғызбай қойған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Air Astana әуе компаниясы Зере Ғалиева есімді 12 жасар қазақстандық қызға моральдық өтемақыны 5 миллионнан 1,5 миллион теңгеге дейін төмендетуге қатысты сотта жеңіске жете алмады. Қыз Fly Arystan лоукостерінің рейсіне жіберілмей, Астана әуежайында жалғыз қалған еді. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотының шешіміне қатысты Air Astana берген апелляциялық шағымды қарау аяқталды.

"Тасымалдаушы моральдық өтемақыны 5 миллионнан 1,5 миллион теңгеге дейін төмендетуді сұрады. Алайда Алматы қалалық сотының сот алқасы апелляциялық шағымды қанағаттандырудан бас тартып, бірінші соттың шешімін күшінде қалдырды", – деп мәлімдеді отбасының адвокаты Данильхан Шағатаев.

12 жасар Зере Ғалиеваның анасы сот шешімі бойынша 5 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы алады.

"Бұл даулы істің аяқталғанына қуаныштымыз және жеңіске жеткенімізді мақтанышпен айта аламыз. Сот шешімі заңды күшіне енді. Бұл іс болашақта үлгі болары анық", – деді адвокат.

2024 жылдың жазында кәмелетке толмаған Зере Ғалиева мен оның егізі Зәуре Ғалиева "Астана-Орал" рейсімен АҚШ-тан оралған соң ата-анасына ұшып келуі керек еді. Бірақ Fly Arystan әуе компаниясы Зереге рейске отыруына мүмкіндік бермеді.

Сотта жердегі қызметкер әуе компаниясы 188 орындық ұшақты 180 орындық ұшаққа ауыстырғанын түсіндірді. Сөйтіп Зере 181 болып, рейске кіре алмаған жалғыз жолаушы атанды. Сот Fly Arystan әуе компаниясын Зере Ғалиеваның анасына 5 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды