Қазақстан пойыздарында интернет қашан пайда болады

13.01.2025, 15:32
473
Қазақстан пойыздарында интернет қашан пайда болады көрнекі фотосурет / Stock Photo

Еліміздің пойыздарында интернет қамту мақсатында пилоттық жоба іске қосылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы агенттіктің ресми сауалына спутниктік байланыс технологияларын тестілеу «Астана — Алматы» бағытындағы № ¾ пойызда жүргізіліп жатқанын хабарлады. Жоба OneWeb спутниктік жүйесі арқылы желіге қосылуға бейімделген вагондардың қолданыстағы мультимедиялық жабдықты пайдаланады. Бұл туралы Kazinform жазды.

— OneWeb — мобильді спутниктік байланысқа негізделген жоғары жылдамдықты интернет жүйесі. Қазақстандағы технологияның ресми дистрибьюторы Jusan Mobile АҚ телеком-операторы, - деп түсіндірді ҚТЖ. 

Тестілеу барысында бүкіл маршрут бойынша интернеттің тұрақтылығы мен орташа жылдамдығы тексеріледі. Сонымен қатар жолсеріктердің мобильді терминалдарының, қолма-қол ақшасыз төлемдерге арналған POS-терминалдардың, пойыз бастықтарының кеудеге ілетін видеотіркегіштер мен бейнебақылау жүйелерінің жұмысы бағаланады. 

Пойыздарда интернетті қосудың нақты уақыты тест нәтижелеріне байланысты болмақ. 

— Пилоттық жоба аясында интернет желісіне қосылудың техникалық мүмкіндігі ғана тексеріледі. Интернетті қосудың мерзімі мен экономикалық құрамдас бөліктер бойынша шешім пилоттық жобаның нәтижелері бойынша қабылданады, - дейді компаниядан. 

Одан бөлек, Қазақстан темір жолы компаниясы отандық және шетелдік басқа жеткізушілердің ұсыныстарын қарастырады. Қорытынды шешім қызметтің сапасын, тиімділігін және құнын ескере отырып қабылданады. 

Егер жоба сәтті болса, интернет барлық пойызда қосылуы мүмкін. 

Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар»