Республикалық маңызы бар жолдардың 18 бөлігінде қозғалыс шектелді

03.03.2023, 21:19
23088
Республикалық маңызы бар жолдардың 18 бөлігінде қозғалыс шектелді

3 наурыз сағат 19:00 ақпаратқа сәйкес еліміздің 9 өңірінде ауа-райының қолайсыздығына орай республикалық маңызы бар автожолдардың 18 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

Бұл туралы smartnews.kz сайты Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап хабарлайды.

Абай, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Павлодар өңірлерінде республикалық тасжолдар жабылды. Қысқы күтіп-ұстау жұмыстарына 400 арнайы техника мен 500 адам жұмылдырылды.

Жабық учаскелердің жалпы ұзындығы 1236 шақырымды құрайды. Бұл республикалық жолдар желісінің шамамен 5%-ы.

«Күн райы жақсарғанша алыс сапарға, жабық тасжол учаскелеріне шықпаңыздар. Ауа-райы болжамын мұқият қадағалауларыңызды сұраймыз! Штаттан тыс жағдай туындаса 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалу керек. Біздің байланыс орталығымыз тәулік бойы жұмыс істейді»,-делінген хабарламада.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады