«Пәтерге алдап шақырды»: 21 жастағы қызылордалық қыз өзін Антикор және комитетшілер зорлағанын жайып салды

Аиса Махамбет Редактор
14.01.2025, 11:18
3144
«Пәтерге алдап шақырды»: 21 жастағы қызылордалық қыз өзін Антикор және комитетшілер зорлағанын жайып салды жеке мұрағатынан

Қызылорданың 21 жастағы Малика есімді тұрғыны өзін Антикор және ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері пәтерге алдап шақырып, зорлағанын айтып шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ztb News телеграм арнасының дерегінше, қыз ол досына қонаққа барған кезде Дарын есімді бейтаныс жігітпен танысқанын айтқан.

Әңгіме барысында Малика бала кезінен полицияда жұмыс істеуді армандағанын айтқан. Осы кезде Дарын "Антикорда" өзінің жұмыс істейтінін айтып, қызметтік куәлігі мен формасын көрсеткен. Желтоқсан айында Дарын Маликаны үйіне шақырып, жұмысқа орналастыру мәселесін талқылайтынын айтқан. Сондай-ақ Дарын пәтерде ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері Ержан есімді ағасының болатынын ескерткен. 

"Мен олардың үйіне келдім. Олар екеуі болды. Екіншісінің аты Ержан, Дарынның туысы. Мен келгенде шарап ашылған еді. Олар менің не ішетінімді алдын ала сұрап, әңгіме барысында шараптың дәмі туралы сұрақтар қоя берді. Екеуі үнемі сыбырласып, ас үйге кіріп жүрді. Сосын олар маған алма жеуді ұсынды, алманы жедім, содан кейін ештеңе есімде жоқ. Мен өзіме келгенде жатын бөлмеде төсекте жатқанымды және біреу менімен жыныстық қатынасқа түсіп жатқанын сездім", – дейді Малика.

Ер адамның дауысынан оның Ержан екенін білген. Қыз кейін есін жиып, оларды “мені зорладыңдар” деп айыптай бастағанда, Дарын тағылған айыптарды жоққа шығарған.

"Бірінші сот отырысы өтті. Енді екінші отырысты күтіп отырмыз. Сот-медициналық сараптамадан өттім. Мен әділдікке жеткім келеді. Бұл жігіттер менімен жыныстық қатынаста болғанындарын мойындап отыр. Бірақ өзара келісім бойынша дейді. Дәл қазір менің қандай күйде екенімді айтып жеткізу мүмкін емес. Адамның тағдыры ойыншық емес, әсіресе қыздың тағдыры", – дейді жәбірленуші.

Сондай-ақ бойжеткен полицияға арыз жазған соң үйіне белгісіз біреулер келіп, есікті ұрып, балағаттап кеткенін айтады. Малика заңгерлік көмек сұрап адвокаттарға жүгінген.

"Ол өзіне алма бергендерін айтады, содан кейін Малика ауырып қалған. Бірақ одан әлі күнге дейін есірткі заттарын немесе басқа да препараттарды, химиялық заттарды және т.б. анықтау үшін қан алынбаған. Біз дәлелдер бұрмаланып кете ме деп қорқамыз. Бұл жігіттер әлі бостандықта жүр. Тергеу кезінде тергеу соты да болмады, олар қамауға алынбады", – дейді заңгер Азамат Марат.

Ал Антикор өз қызметкерлерінің зорлау ісіне қатысы бар деген ақпаратты жоққа шығарды

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қыз зорлады деген күдікке ілінгендердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері емес екенін хабарлайды”, – делінген ресми хабарламада. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды