FlyArystan Астана әуежайындағы жанжалға қатысқан жолаушыларды жауапқа тартпақ

03.03.2023, 21:23
28906
FlyArystan Астана әуежайындағы жанжалға қатысқан жолаушыларды жауапқа тартпақ

FlyArystan әуекомпаниясы Астана әуежайындағы жанжалға қатысқан барлық жолаушыны жауапқа тартпақшы. Компания екі жолаушының ғана жазаға тартылу шешімімен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

FlyArystan-ның хабарлауынша, 25 ақпанда әуе компанияға қатысы жоқ себептерге байланысты (Шымкент әуежайындағы ұшып-қону жолағы жұмысының шектеуіне байланысты) Астана - Шымкент бағытында ұша алмай қалған жолаушылар жанжал шығарды, олардың екеуі әкімшілік жауапқа тартылып, әкімшілік жазаға сәйкес, ҚР 434-бабына және 73-баптың 1-бөліміне сай (соққыға жығылу) айыппұл төледі. Алайда компания мұнымен келіспейді және жанжал шығарған жолаушының бәрін жауапқа тартпақшы.

"Ауа райы салдарынан кешіктірілген немесе орындалмай қалған рейстер әуекомпанияға қатысы жоқ себептерге жататынын мәлімдейміз. Жолаушылар және экипаж қауіпсіздігі біздің басты приоритетіміз болып саналады; ал рейстің кешіктірілуі немесе орындалмауы жайлы шешім халықаралық әуе қауіпсіздігіне сай қабылданады. Өкінішке қарай, рейстің орындалмауы туралы шешім кейбір жолаушылар арасында наразылық тудырып, олар әуекомпания қызметкерлеріне қатты сөз айтып, оларды қорқытып, сонымен қатар қызметкерлерге қол көтергенін хабарлаймыз. Аталмыш істері үшін жолаушылардың екеуі әкімшілік жазаға тартылды. Осындай жағдай қайталанатын болса, оларды Заңға сай 15 тәулікке қамауға алады", - деді FlyArystan баспасөз қызметі

Сонымен қатар FlyArystan Қазақстанда 1 наурыздан бастап "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Заңнамада жаңартулар енгізілгенін, әуекомпания "жанжалқой жолаушыларды тасымалдаудан бас тартуға құқылы" екенін хабарлады.

Бұдан былай тәртіп бұзушыларды тәртіпке шақырып, 50 АЕК-дан бастап айыппұл салынады. Сонымен қатар Заңды бұзған жолаушылар "қара тізімге" енгізіледі.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды