FlyArystan бортсерігіне қол көтерген жолаушы изоляторға қамалды

14.01.2025, 13:59
675
FlyArystan бортсерігіне қол көтерген жолаушы изоляторға қамалды flylowcost.ru

50 жас шамасындағы ер адам бортсерікті ұрған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана әуежайының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Астана-Өскемен рейсінің 47 жастағы жолаушысын ұстады. Ол алкогольге мас күйде бортсеріктің ішінен ұрып, ұшақ бортынан шығарда "бомба" деп айқайлаған. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға туралы Facebook желісінде блогер Азамат Ерғалиев жазды. Ол да дәл сол рейспен Өскеменге ұшпақ болған.

"Астана - Өскемен бағытындағы FlyArystan рейсіне отырғаннан кейін жолаушы бортсерікті ұрып жіберді. 50 жас шамасындағы ер адам жолаушыларға да ыңғайсыздық туғызды. Полиция шақырылды. Бір адамның кесірінен рейс кейінге шегерілді", - деп жазады автор.

Көліктегі полиция департаменінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, аталған факт бойынша бұзақылық және терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлауға қатысты қылмыстық істер қозғалды.

"Әуе кемесіне дереу тексеру жүргізіліп, оның барысында жарылғыш құрылғылар мен басқа да тыйым салынған заттар табылмады. Мұндай мінез-құлыққа жол берілмейді. Жағдайды тұрақсыздандыру немесе қорқыту әрекеттері көлікте елеулі қатер ретінде қарастырылады және кінәлілер заң шеңберінде жауапкершілікке тартылады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды