Таиландтан Қазпошта арқылы есірткі алдырған астаналық студент 8 жылға сотталып кетті

14.01.2025, 18:52
729
Таиландтан Қазпошта арқылы есірткі алдырған астаналық студент 8 жылға сотталып кетті iStock

Студент сотта өз кінәсін толық мойындаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған колледж студентін 8 жылға бас бостандығынан айырды.

Соттың мәліметінше, студент Telegram мессенджері арқылы тыйым салынған заттар қоймасына жұмысқа орналасқан. Осыдан кейін оның атына Таиландтан Қазақстанға пошта арқылы 998 грамм кептірілген марихуана жіберілген.

2024 жылдың 6 тамызы күні студент өз атына келген сәлемдемені "Қазпошта" филиалынан алып кеткен. Осыдан кейін ол есірткіні дозаларға бөліп, кейін сату мақсатында заңсыз сақтау үшін пәтер жалдаған. Алайда сол күні-ақ оны полицейлер ұстап, үйін тінту кезінде 998 грамм кептірілген марихуана тәркіледі.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Прокурор күдіктіні 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сот сотталуышының шын жүректен өкінуін және кәмелетке толмағанын жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. 

Сот үкімімен сотталушы Б кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)