Шерзат Болаттың әпкесі Бақыт Реймова елден қуылмайтын болды

15.01.2025, 09:47
702
Шерзат Болаттың әпкесі Бақыт Реймова елден қуылмайтын болды SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Жақында Бақыт Реимованы елден шығарады деген сот шешімі шыққаны желіде тараған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талғарда кісі қолынан қаза болған Шерзат Болаттың әпкесі Бақыт Реимова Қазақстанда қалатын болды. Бұл жаңалықты блогер, қоғам белсендісі Жан Ахмадиев желі парақшасында бөлісті.

Блогердің жазуынша, бірнеше құзырлы органға өтініш хат түсірілген. 

Сүйінші, Қазағым! Алла қаласа, Бақыт елде қалады! Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Парламент депуттары, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Балалар Құқықтары жөніндегі уәкілі, Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы арқылы түсірген өтініш хаттарымыз облыс прокуратурасымен назарға алынды. Бақыт Реймоваға қатысты Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберумен байланысты емес жаза қолдану үшін Жоғарғы сотқа кассациялық наразылық келтіру туралы Бас прокуратураға ұсыныс жолданды. Енді прокуратураның наразылығын Жоғары сот шегелеуі ғана қалды. Баршаңыздың қолдауларыңызға рақмет!,-деп жазды Жан Ахмадиев. 

Еске салсақ, бұған дейін Бақыт Реимова "митингке шығуға үндеді" деп елден депортацияланатыны туралы айтылған болатын.

Бұған дейін кісі қолынан қайтыс болған Шерзат Болаттың отбасына меценат үй салып беретіні туралы жазған едік. 

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады