Енді клуб басшысы оннан да көп легионер футболшы әкелсе, 40 млн айыппұл төлейді

15.01.2025, 10:15
585
Енді клуб басшысы оннан да көп легионер футболшы әкелсе, 40 млн айыппұл төлейді fcastana.kz

Егер 10-нан артық легионер болса, футбол клубының басшысына 40 млн теңге айыппұл салынады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада QFL лигасының (Қазақстан футбол лигасы) жиыны өтті. Отырыста футболдан Қазақстан суперкубогының уақыты мен өтетін орны белгіленді. Сондай-ақ, күн тәртібіндегі бірнеше сұрақ талқыланды деп 1Bol.kz жазды.

QFL премьер-лигасының чемпионы «Қайрат» пен QFL Қазақстан кубогының иегері «Ақтөбе» командаларының арасындағы матч 22 ақпан күні «Астана Арена» стадионында өтетін болды. 

Сондай-ақ, жиында отырыс мүшелері еліміздегі футбол турнирлерінің сапасын жоғарлату және әйелдер футболының дамуы жайлы талқылады. Футбол клубтарының лицензиялау ережесіне сәйкес, енді әр клубтың 2025 жылы QFL әйелдер лигасына қатысатын әйелдер командасы болуы тиіс.

Айта кетейік, ҚФФ атқару комитеті аталмыш ережені өткен жылдың қазан айында енгізген еді.

Сонымен қатар ҚФФ QFL-мен бірге шетелдік футболшыларға қатысты лимитті қайта қарап, әр матчтың өтінімінде кемінде 21 жасқа дейінгі екі ойыншы болуы тиіс деген ұсыныс білдірді. 

«Нақтырақ айтсақ, өтінімде легионерлердің саны 10-нан аспауы керек және қосымша әр шетелдік футболшы үшін 40 миллион теңге төленген жағдайда, тағы екі легионерді қосуға рұқсат. Ал жиналған барлық қаржы арнайы қорға жіберіліп, 21 жасқа дейінгі ойыншыларға жасыл алаңда көп уақыт берген командалар арасында бөлінеді. Лимит бойынша ұсынысты ҚФФ бас хатшысы Саян Хамитжанов пен «Ордабасы» клубының президенті Асхат Сейсембек қолдады. «Ақтөбе», «Қызылжар» мен Ertis клубтары қалыс қалса, «Қайрат» клубының бас директоры Асқар Есімов қарсы шықты. Нәтижесінде бұл ұсыныс ҚФФ атқару комитеті мүшелерінің кеңесінде талқыланатын болады»,- делінген лига хабарламасында.

Лига кеңесінің құрамында да бірқатар өзгерістер болды. Жаңартылған құрамға Ерлан Жамантаев (QFL президенті), Михаил Гурман («Астана» ФК директорлар кеңесінің төрағасы), Николай Панин («Қызылжар» ФК директоры), Асхат Сейсембек («Ордабасы» ФК президенті), Асқар Есімов («Қайрат» ФК бас директоры), Санат Шалекенов («Ақтөбе» ФК басқарма төрағасы), Сейітбек Сембаев (Ertis ФК директоры) енді.

Еліміздің барлық өңірінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды «Өтірік іш салып алған»: Жұлдыз Әбдікәрімова суррогат ана туралы шындықты айтты «Өмірім оңынан өзгерді»: Танымал әнші Индира Елемес есімін азан шақырып өзгертті (ВИДЕО) Көпбалалы ана Айгүл Иманбаеваға ырымдап бриллиант білезігін сыйға берді (ВИДЕО) Танымал блогердің қыздарға жазған хаты әшкере болды (ФОТО) «Фонограммамен бір-екі ән айтып, кетіп қалды»: Төреғали Төреәлі мерейтойға ішіп келіп, сынға қалды (ФОТО) Шенеунік егіс екпеген фермерлердің жерін шетелдіктерге берем деп қорқытқан «Ресейді жамандап еді, үндері шықпай қалыпты»: Пугачеваны жұрт сынап тастады Алмас Өтешов басшылық лауазымға тағайындалды 132 қазақ азаматы Иранда, 219 — Израильде екені белгілі болды Иран зымыраны Израильдегі әйгілі Вейцман ғылыми институтын атқылады. Институттың қандай маңызы бар? +1 уәде: Трамп Израиль мен Иранды татуластыруға уәде берді Қазақстанда педофилияға қатысты қылмыстар азайды — Ерлан Қарин Енді қырғызстандықтар АҚШ-қа кіре алмайды Тегеран: «Бізге соққы жасалып жатқанда, бітім туралы әңгіме болмайды» Қазақстандағы алғашқы АЭС-тың құны сараптамадан кейін белгілі болмақ Reuters: Израиль Хаменейді өлтірмек болды, ал Трамп қастандыққа рұқсат бермеді Астанада 10 жасар қыздың саусағы қамыр кесетін аппаратқа қысылып қалған Air India AI171 ұшағының қара жәшіктері табылды Иран ядролық қаруының жоқ екеніне кепілдік беруге дайын екенін мәлімдеді