«Бұл әйел көп қорлық көрді негізі…»: Баласы өз анасын өлтіріп, өртеп жіберді

15.01.2025, 11:23
752
«Бұл әйел көп қорлық көрді негізі…»: Баласы өз анасын өлтіріп, өртеп жіберді stan.kz

Марқұмның көршілері болған оқиғаның мән-жайын айтып берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте 54 жастағы әйел жантүршігерлік жағдайда ажал құшты. Мүмкіндігі шектеулі әйелді өлтіріп, өртеп жіберді деген күдікпен өз ұлы қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Оқиға 12-қаңтар күні күндізгі сағат 11:00 шамасында басталған дейді көршісі. 

"Өткенде біраз көрінбей қалғанға біз күдіктендік. “Осы бәле мамасына бірбәле істеп қоймады ма деп?!” деп. Арғы жағындағы көршіден сұрадық. "Мамасы дәретханаға кіріп-шыға ма?" десек, "кіріп-шығып жүр" деді. Сөйтіп тұрғанда өлтіріп, өзі өртеп жіберген екен ғой. 12-сі күні азанда сағат 11-де өлтіріп, сөйтіп сол күні алып шығып, түнде жаққан екен ғой”, – дейді көршісі. 

Сұмдықты бірінші болып марқұмның үлкен ұлы көрген. Жұмыстан келген ол қанға малынған үйді көріп, далаға қашып шығады. Сөйтіп, өзіне жұмыс беруші әйелдің үйіне барған. Қанға бөккен үйге келген екеу кіре алмай далада біраз жүргенін айтады. Көрші өзге әйелдерді ертіп ішке енген оларды күдікті пышақпен қуып шыққан дейді көршісі. 
Фото: Stan.kz 

"Бұл әйел көп қорлық көрді негізі. Оған дейін шалы да (мінезі бар еді) бұл кісіні жерден алып, жерге салып… Ол кезде балалары кішкентай еді. Өлтірген баласы сау еді. Үлкен баласының ғана сәл-сәл ауытқуы бар еді. Ауытқу болғанымен ешкімге зияны жоқ ауытқу. Шал кеткен соң рахаттанып өмір сүретін шығар десек, рахаттанып өмір сүре алмады ғой. Баласы бұзық болып шықты да шешесіне тек қана зәбір көрсетіп, қорқытып, жұлқылап. Басында жақсы жүретін. Кейін үйленіп ажырасты. Екіншісіне тағы үйленді. Онымен де ажырасты”, – дейді азамат. 

Анасын қорлап өлтірді деген шымкенттік жігіт екі рет сотталып шыққан екен. Бірінде ұрлық үшін ұсталса, екіншісінде нашамен байланысып жауапқа тартылды дейді ер адам. 

"Бұның баласы алдында екі рет сотталған еді. Наша шегуін қоймады бұл. Анау жерге отырып алып, наша шеккенді жақсы көретін. Ол түтіннің иісі менің тереземе кіреді жаздың күні. Мен шығам да оны ұрғым келетін. Мамасы қорғаштайтын "тимеші" деп. Осы жағдай болды ғой ақыры”, – дейді көршісі. 

Ер адам 3-4 күн бұрын көрші үйдің ішінен гүрсілдеген дауыс шыққанын айтады. Қатты дауыстан секем алған қаралы үйдің көршісі үй өртеу үшір күдіктінің ағаш жарғанын айтады. Кейін белгілі болғандай алдын-ала дайындалған ағаш әр бөлмеге жайғастырылған екен. 

"Мамасын өлтіріп болғаннан кейін барып, сыртқа алып шығып, туалеттің алдына барып, сол жерде шұңқырға тастап, астына-үстіне ағаштардың бәрін үйіп-төгіп жаққан. Апарып, қазір жерлеп келдік қой. Бір-ақ метр болып қалған”, – дейді ер адам.

Фото: Stan.kz 

Анасын аяусыздықпен өлтірді деген күдікті сол күні поштаға түсетін әйелдің жәрдемақысын алып келген екен. 

“Қайтыс болардың алдында почтадан ақша алыпты бұлар. Шешесін жұлқылап жүріп, тез-тез ақшасын алдырып, үйіне алып келген. Ақшасын алып болған соң әкеліп, өлтірген. Бірінші шынжырмен қылқындырып өлтірген. Кейін пышақтап. Күннің қарайғанын күтіп, апарып сол жаққа жаққан. Ешкім көріп қоймасын деп”, – дейді көршісі. 

Өз ұлының қолынан айуандықпен ажал құшқан әйел бүгін жер қойнына тапсырылды. Ал ұлы қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады