Ақпан айында қанша күн демаламыз?

15.01.2025, 13:15
1424
Ақпан айында қанша күн демаламыз? Stock Photo

Ақпанда қандай кәсіби мерекелер мен демалыс күндері бар екені белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылғы ақпанда қазақстандықтарды 20 жұмыс күні мен 8 демалыс күні күтіп тұр.

Қыстың соңғы айы, әрі ең қысқа ай болғандықтан ақпан айында мемлекеттік немесе ұлттық мерекелерсіз өтеді, сондықтан тек демалыс күндері демаламыз.

Демалыс күндерінің саны жұмыс аптасына байланысты өзгереді: бес күндік жұмыс аптасы үшін сегіз демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін тек төрт демалыс күні болады.

Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін ақпандағы демалыс күндері келесідей:

1, 8, 15 және 22 ақпан – сенбі күндері;

2, 9, 16 және 23 ақпан – жексенбі күндері.

Алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін демалыс күндері тек жексенбі болады:

2, 9, 16 және 23 ақпан.

Ресми мерекелердің болмауына қарамастан, ақпанда атап өтілетін кәсіби мерекелер бар:

1 ақпан – Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлері күні;

2 ақпан – Ұлттық баспасөз күні.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды