Сирек кездесетін «Хәрри Поттер» кітабының алғашқы басылымы қоқыстан табылды

Аиса Махамбет Редактор
16.01.2025, 10:50
540
Сирек кездесетін «Хәрри Поттер» кітабының алғашқы басылымы қоқыстан табылды bbc.com

Ұлыбританияда «Хәрри Поттердің» алғашқы сирек кездесетін кітабы қоқыс жәшігінен табылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бұл кітаптың тек 500 данасы кездесетіні белгілі болды. Бұл туралы Kazinform жазды.

«Хәрри Поттер және философиялық тастың» тұңғыш басылымы қоқыстан табылған соң 40 000 фунт стерлингке, теңгеге шаққанда шамамен 26 млн теңге сомаға сатылған.

Девон графствосы Пейнтон қаласындағы NLB аукцион үйінің иесі Дэниел Пирс кітапты қайтыс болған ер адамның заттарының арасынан тапқан.

— Бұл біздің ең үлкен олжамыз. Отбасы қуанып қалды, олар мұны мүлде күтпеген еді… Бұл олар үшін қомақты қаржы әкелетін болады. Кітап сөреде 20 жыл бойы сақталған, - деді ол.

Ол кітапты қоқыс жәшігіндегі заттардың арасынан тапты.

Пирс алғашқы баспаның 200 данасы кітап дүкендеріне, 300 данасы кітапханаларға жіберілгенін айтты.

— Бұл сол 300-дің бірі, — деді ол.

Оның айтуынша, кітап өте жақсы жағдайда.

Бірінші бетте қарындашпен белгіленген 2 фунт стерлинг деген бағасы бар, бұл — кітапхана сататын баға.

Бірінші басылымның ерекшелігі, оның артқы мұқабасындағы «философиялық» сөзінде «о» әрпі қалып қойған.

Ол сондай-ақ осындай күйдегі тағы бір көшірме қараша айында 42 000 фунт стерлингке сатылғанын айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Хәрри Поттерде» ойнаған Мэгги Смит 89 жасында өмірден өткенін жазған едік.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды