«Денесін тілгілеп, ұрып-соққан»: Ақтөбеде отбасының кепілге алынуына қатысты тың деректер айтылды
Күдікті мен отбасы кепілге алынған әйел бірге тұрған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде бір отбасыны кепілге алған ер адам бұған дейін де жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Бұл туралы Halyqstan Telegram арнасы жазды.
2024 жылы 1986 жылы туған азамат Б азаматша М-ны балағаттағаны үшін бес тәулікке қамауға алынған. Әйел Б-ны өзіне қатысты әдепсіз сөздер айтты деп айыптап, үстінен арыз жазған. Сот отырысында ол өзін Б есімді азаматтан қорғауды сұраған.
Күдікті осыған дейін отбасын кепілге алған 40 жастағы сүйіктісі М-мен бірнеше рет жанжалдасқаны белгілі болды.
Ер адам М-мен бірге тұрған. Сондықтан ол әйелдің ата-анасының үйіне оңай кірген. М ата-анасымен тұрмаған. Әйелдің ата-анасының үйіне қонаққа барғаны туралы айтылды.
“Күдікті Б үйге кіргеннен кейін әйелдің 74 жастағы өгей әкесіне және 67 жастағы анасына пышақ жарақатын салған. Күдікті пышақ емес, балта қолданған деген де ақпарат бар. Әйелдің ата-анасына жарақат салғаннан кейін ол сүйіктісін басқа бөлмеге қамап, денесін пышақпен тілгілеп, ұрып-соққан. Бұл кезде әйелдің 17 жастағы ұлы үйде болмаған. Жігіт үйіне келгенде, қан іздерін көріп, дереу туыстарын көмекке шақырған. Ал олар полицияға хабарласып үлгерді", – делінген ақпаратта.
Тәртіп сақшылары күдікті Б-мен үш сағат бойы келіссөз жүргізді, бірақ ол ешқандай талап қоймағандықтан және кепілге алынғандарды босатпағандықтан, үйге басып кіру туралы шешім қабылданған.
Материал авторы