1354

Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі Жахан Отарғалиевтың үйленуі туралы айтты

Бәрінің өз уақыты мен орны бар дейді ол…

Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі Жахан Отарғалиевтың үйленуі туралы айтты
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі Жахан Отарғалиевтің үшінші рет неке қиғанына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Балжан қазір Балиде демалып жүр. Десе де әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы күйеуінің сүйінші жаңалығына қатысты пікірін айтты.

“Иә, елде жақсы жаңалық болып жатыр екен. Әр адам қалағанынша бақытты болуға лайық. Қалағанынша өмір сүруге құқылы. Дұрыс не бұрыс деген нәрсе жоқ. Тек дұрыс адам болып қалу маңызды. Бәрінің өз уақыты мен орны бар. Мен өмірілік тәжірибеме разымын және оны бар күйінде қабылдаймын. Расында, Жаратқанның жоспары біздің жоспарымыздан әлдеқайда қайырлы болып шықты”, – деп жазды өнер иесі.

Фото: Instagram.com/bidash_official

Желі қолданушыларының көбі орамалдағы қызды Балжан екен деп ойлап қалған. Алайда әнші мұны жоққа шығарды. Сондай-ақ ол іштей үлкен сұхбатқа дайындалып жүргенін жеткізді. 

Жахан Отарғалиев орамалдағы қызбен үшінші рет отау құрды. Еске салайық, Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш 2023 жылдың қыркүйек айында ажырасып кеткенін растаған еді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор