«Тоқылдақ» дей беріңдер»: eOtinish-ке арыз жаза берген ер адам 50 көлікке айыппұл салдырған

Аиса Махамбет Редактор
16.01.2025, 18:33
1506
«Тоқылдақ» дей беріңдер»: eOtinish-ке арыз жаза берген ер адам 50 көлікке айыппұл салдырған kolesa.kz

Желі қолданушысы 50 көлікке айыппұл салып, 4 жүргізушіні куәлігінен айырған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Threads әлеуметтік желісінде Руслан есімді желі қолданушысы қалада көлік жүргізген кезде жол ережесін бұзған жүргізушілер туралы полицияға жеткізетінін айтты.

Ол eOtinish платформасы арқылы видео жүктеп, тиісті арыз жолдаған. Бір айдың ішінде оның өтініштері бойынша 50 көлікке айыппұл салынып, 4 жүргізуші жүргізуші куәлігінен айырылғанын Руслан Threads желісіндегі жазбасында бөлісті. Оның желідегі жазбасын 200 мыңнан астам адам көрген.

Мені «тоқылдақ» деп атасаңыздар болады, маған бәрібір. Мен бір айдың ішінде eOtinish арқылы 50 көлікке айыппұл салғызып, 4 жүргізушіні қарсы бағытқа шығып кеткені үшін жүргізуші куәлігінен айырттым. Бұл тек жұмыс пен үйдің арасындағы шағын маршрут, күнделікті өмір. Бар болғаны күніне 2-3 айыппұл. Иә, маған ұнады, әрі жаным жеңілдеп қалды. Егер жалқауланбағанымда, бұл көліктердің саны 300-ге жететін еді, одан кем емес. Тек барлығын бірдей жіберуге уақыт болмады. Иә, маған қоңырау шалып, мәселені шешуді, арызды қайтарып алуды сұрағандар болды. Бірақ мен оларға сотта кездесуді ұсындым. Бірақ олар бас тартып, үнсіз қалды, - деп жазды Руслан.

Руслан eOtinish арқылы полицияға арыз беру процесін қалай жүзеге асыратынын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.   

Көліктегі бейнетіркегішке жазылған видеоларды Wi-Fi арқылы смартфоныма жүктеймін. Кейін видеоны YouTube-ке жариялап, eGov қосымшасындағы eOtinish айдары арқылы Полиция департаментіне арыз жолдаймын. Қала мен аудан сияқты қажетті деректерді таңдаймын, содан кейін видео сілтемесін арызға тіркеймін. Толық сипаттамасын жазамын да, хаттаманы күтемін. Фото жеткілікті ме, білмеймін, бірақ мен видео жіберемін. Видеоның уақыты анық көрінуі керек. Менің видеорегистраторым қарапайым әрі арзан – Xiaomi маркалы. Бастысы, оны телефонға қосуға мүмкіндік болғаны жөн. Уақыт белгісі үшін тіркегіштің өзіндегі уақыт пен timestamp Camera қосымшасын пайдалануға болады. ЭЦҚ арқылы телефонда авторизация жасап, арыз беремін. Бүкіл процесс шамамен 5 минуттай уақыт алады, – деп бөлісті ол.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды