Өскемендегі Лениннің ескерткіші енді маңызды ескерткіштер қатарына жатпайды

17.01.2025, 10:49
618
Өскемендегі Лениннің ескерткіші енді маңызды ескерткіштер қатарына жатпайды yk-news.kz

ШҚО-дағы Лениннің ескерткіші маңызды ескерткіштер тізімінен шығарылады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданындағы В.Лениннің ескерткіші жергілікті маңыздағы ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарылмақ. Бұл туралы облыстық әкімдіктің қаулы жобасында айтылған.

- Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде тұрған, осы қаулыға қосымшада көрсетілген нысандар жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесінен айырылсын, - деп жазылған құжатта.

Қосымшада 5 нысан көрсетілген. Олар:

1. В.И. Ленин ескерткіші (1962 жыл, Алтай қаласы, орталық алаң);

2. Е.П. Михаэлис бейіті (1913 жыл, Өскемен қаласы, Ушанов қалалық зираты, Степное ауылына баратын тас жолдың бойында);

3. О.Ф.Костюриннің механикалық шеберханалары (1907 жыл, Өскемен қаласы, Антон Чехов көшесі, 43);

4. Өнер мұражайының ғимараты (алтын өндіруші А.С.Меновщиковтың бұрынғы кеңсесі), (1914 жыл, Өскемен қаласы Тоқтаров көшесі, 56);

5. Көпес Мұхамедшиннің лабазы (1906 жыл, Шемонаиха қаласы, Анатолий Иванов көшесі, 32).

Жалпы аталған тізімде облыстық маңыздағы 323 нысан болған. Қаулы қабылданса, олардың саны 319-ға қысқарады деген сөз.

Осы 319 нысанның ішінде Кеңес үкіметін орнату үшін күрескендерге арналған ескерткіш, Я.В. Ушанов ескерткіші, Ф.Э. Дзержинский бюсті, Устькаменная бекінісінің негізін қалаушыларға арналған декоративтік скульптура-субұрқақ, «Қылыштан орақ құямыз» мүсіні, Кеңес үкіметі үшін күрескендердің бауырластық бейіті, Шарап дүкені, Сыра зауытының иесі Яворовскийдің үйі, «Савва Семенов және оның ұлдары» сауда үйі, Көпес А. Рафиковтың лабазы, коммерсант А.К.Бобровтың үйі, И. Н. Кожевниковтың шыны және фаянс ыдыстары дүкені, Выдринның үйі, бухгалтер Жеромскийдың үйі, Балықшы бай И.Д.Подойниковтың үйі, А.С.Меновщиковтың шарап сақтайтын жертөлесі бар үйі, алтын іздеуші Валитовтың үйі, көпес Семеновтың дүкені, көпес Х.Ерзиннің үйі, көпес Ж.Татановтың үйі, көпес Ғабдырасылдың үйі, көпес Б. Бобкиннің үйі, Көпес Т.Бекчентаевтың дүкен, көпес А.В. Собачкиннің үйі, А.Ф.Казариновтың үйі, алтын іздеуші П.Г.Сорокиннің үйі, көпес Быковтардың үйі, С.Малей жазаланған жердегі құлпытас, Питер Коммунарларына ескерткіш, В.И.Чапаевтың бюсті сияқты ескі идеологияның нысандары әлі бар.

«Халықты қауіпті топ деп ойлап қалыппыз»: Гуманитарлық көмек күткен 50-ден астам палестиналық қаза тапты Ақтауда ер адам дүкенші әйелді ұрғаны үшін сотталып кетті (ВИДЕО) Енді Еуропарламент жасанды интеллект жасаған бала порнографиясын қылмыс санайды Автобус апатында екі аяғынан айырылған қызға өмір бойы 100 мың теңге беріледі Еурокомиссия Ресейдің мұнайы мен газынан түбегейлі бас тартуды жоспарлап жатыр Елена Рыбакина туған күнінде жеңіспен елді қуантты «Жаппай Каспийге бет алды»: Израиль шабуылынан кейін мыңдаған адам Ираннан қашуда Өңірлерде өрт қаупі жоғары Шымкентте жігіт сөйлесіп жүрген 17 жастағы қызды азаптап, мәйітін қорлады «Әлі атақ бермеген»: әртістер Бибігүл Төлегеноваға құрмет көрсетті «Легенда-легенда деген сайын…»: Қайрат Нұртас жас әншінің әнін рұқсатсыз орындаған Raim келіншегі Ерке Есмаханды перзентханадан шығарып алды «Сүйген жүрек» клипіндегі жігіт 20 жылдан кейін Мадина Сәдуақасоваға тосынсый жасады Сириялық дәрігер Асадтың режиміне сеніп, адамдарды азаптағаны үшін өмір бойына сотталды Мұқағали Мақатаевты қорлаған блогер көліктің кілтін беріп, бостандық алды «Отбасы банктің» тәуелсіз директоры алаяқтарға депозитін қолма-қол ұстатқан Астанада 28 ерекше қажеттілігі бар жасөспірім колледждерде кәсіби даярлық курстарын аяқтады Өзбекстанда жертөледен жасырын медресе ашқан ер адам 10 тәулікке қамалды Тоқаев Қытайға 1 500 ақбөкен сыйлады «Ішкиімімді шешіп отырғам»: Әйелдер вагонындағы қыз жолсеріктің ер адам болғанына шағымданды