Автобус апатында екі аяғынан айырылған қызға өмір бойы 100 мың теңге беріледі

18.06.2025, 11:11
831
Автобус апатында екі аяғынан айырылған қызға өмір бойы 100 мың теңге беріледі әлеуметтік желіден

19 миллион теңге сақтандыру төлемі болса, одан бөлек протезді мемлекет алып бермек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, автобус апатынан екі аяғынан айырылған Алуа есімді қызға бірінші топ мүгедектігі беріледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, мемлекет қыздың протездеу, оңалту және әлеуметтік қолдау шығындарының барлығын өз мойнына алады.

«Біз анасы екеуімен кездесіп, жағдайын көріп қайттық. Протез және оңалту қызметтерін толықтай мемлекет қаржыландырады. Қазір дәрігерлер Алуаға жеке оңалту бағдарламасын жасап жатыр. Оған мамандарымыз тұрақты түрде көмектесетін болады», – деді Жақыпова.

Өмір бойы тек жәрдемақы

Министрдің сөзінше, мемлекет Алуа мен оның анасын өмір бойы қамтамасыз етеді. Алайда бұл тек жәрдемақы көлемінде болмақ.

«Апаттан кейін келесі күні кінәлі тараптың жұмыс берушісі – автопарк 19 миллион теңге көлемінде сақтандыру төлемі төленетінін айтты. Бұл қаражат денсаулыққа келген зиянды өтеуге жұмсалады. Ал мемлекет тарапынан Алуаға бірінші топ мүгедектігі белгіленіп, ай сайын 100 мың теңгеден астам жәрдемақы беріледі. Анасына баланы күткені үшін 78 мың теңге төленеді. Бұдан бөлек, көпбалалы ана ретінде алатын өзге де жәрдемақылары бар», – деді министр.

"Аяғым қайда?" деп сұрайды

Еске салайық, 2 маусым күні Астанада жолаушылар автобусы қатысқан ірі жол апаты орын алған еді. Онда бірнеше адам зардап шекті. Екі аяғынан айырылған Алуа есін жиған соң, "Аяғым қайда?" деп сұрағаны туралы жақындары айтқан болатын. Бұл көпшіліктің жүрегін елжіретіп, жұртшылық қызға қолдау көрсетуге кірісті.

Астана әкімдігі тарапынан да көмек көрсетілді — отбасына елордадан төрт бөлмелі пәтер берілді. 9 маусымда қызға гангрена қаупіне байланысты екінші рет операция жасалды.

Қазір Алуа ауруханадан шығарылды. Жақындарының айтуынша, толық оңалту үшін қызды Германияға апарып, заманауи протез орнату және ұзақ мерзімді реабилитация жасау жоспарланып отыр.

Автопарк уәдеден бас тартты

Бұған дейін автопарк басшылығы отбасына өмір бойы қолдау көрсетуге уәде берген. Алайда бірнеше сағаттан кейін мекеме бұл уәдені жоққа шығарып, мемлекеттік кәсіпорын ретінде мұндай ұзақмерзімді міндеттеме ала алмайтындарын мәлімдеді.

Сақтандыру компаниясы апаттан кейін шұғыл түрде 19,66 миллион теңге өтемақы төлеген.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады