Енді Еуропарламент жасанды интеллект жасаған бала порнографиясын қылмыс санайды

18.06.2025, 11:48
167
Енді Еуропарламент жасанды интеллект жасаған бала порнографиясын қылмыс санайды freepik.com

Қазіргі таңда жантүршігерлік қылмыстың бірін қаскөйлер жасанды интеллект арқылы жасап жүр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Еуропарламент депутаттары жасанды интеллект арқылы жасалған балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық материалдарын қылмыстық жауапкершілікке тартатын директива жобасын мақұлдады. Бұл шешім балаларды қорғау және заңдағы олқылықтарды жою мақсатында қабылданды.

Жаңа құжат балаға қатысты груминг (ересек адамның баламен жыныстық ниетпен байланыс орнатуы), сексуалдық шантаж, тікелей эфирдегі зорлық әрекеттері мен жыныстық келісім жасы сынды күрделі мәселелерді де қамтиды.

Директива 599 депутаттың қолдауымен қабылданып, небәрі 2 адам қарсы, 62-сі қалыс қалды. Мұндай үлкен саяси қолдау ЕО үшін сирек құбылыс.

“Жасанды интеллект жасаған материалдарға шынайы бала порнографиясы секілді қараймыз. Себебі мұндай модельдер әдетте шынайы зорлық видеоларына сүйеніп үйренеді. Бұл — шын өмірдегі зорлыққа апаратын бір қадам ғана,” – деді Нидерланд депутаты Йерун Ленаерс.

Балаларға қауіп төндіретін технологиялар

Protect Children ұйымының зерттеуіне сүйенсек, балаға қатысты зорлық контентін көру мен шынайы қылмыс жасау арасында байланыс бар. Респонденттердің:

52%-ы — мұндай материал көре берсе, нақты әрекетке барудан қорқатынын айтқан,

44%-ы — кәмелетке толмағанмен жыныстық байланыс туралы ойлаған,

37%-ы — сол ойды іске асырғанын мойындаған.

Депутат Ленаерстің сөзінше, соңғы бір жылда ИИ арқылы жасалған бала порнографиясының саны 1000%-ға артқан.

Технологиялық компаниялар мен балалар құқығын қорғаушылар Еуропарламент бастамасын қолдап шықты. OpenAI, TikTok, Snapchat, Meta сынды алпауыттарды қамтитын DotEurope тобы мен Eclag ұйымы бірлескен мәлімдеме жасап:

“ЖИ-нің балаларға қарсы жыныстық зорлықта қолданылуына қарсы тұру үшін алғаш рет осындай ынтымақтастыққа келдік. Бұл бағытта одан әрі де бірлесіп жұмыс істеуге ниеттіміз,” – деді.

Келесі қадам – үшжақты келіссөз

Алайда бұл шешім заң ретінде күшіне енген жоқ. Енді Еуропарламент, Еурокомиссия және ЕО Кеңесі арасында "триалог" басталады. Яғни, заң мәтіні соңғы келісімге дейін өзгеруі мүмкін.

Айта кетейік, ЕО Кеңесі желтоқсанда өз позициясын қабылдаған, бірақ онда ИИ арқылы жасалған бала порнографиясын қылмыстандыру мәселесі болмаған. Осыған байланысты депутаттар мен құқық қорғаушылар министрлерді өз позицияларын қайта қарауға шақырып отыр.

"Жыныстық келісім жасы" бойынша да пікірталас бар

Заң жобасы аясында жыныстық келісім жасы туралы ережелер де талқылануда. Бельгия, Финляндия, Ирландия, Латвия, Люксембург, Словения және Швециядан құралған жеті елдік коалиция:

“Кәмелетке толған баланың келісімі заңды болғанымен, олар әлі де осал. Сондықтан оларды заң жүзінде сенімді қорғау қажет,” – деген мәлімдеме жасады.

Заң жобасы не қарастырады?

Жаңа директива тек ЖИ суреттерімен шектелмейді. Ол ЕО-ға мүше елдер үшін:

– онлайн груминг пен жыныстық қол жүгіртуді нақты қылмыс деп танып,

– тікелей эфирдегі зорлық-зомбылықты тыйып,

– жыныстық зорлық туралы арыз беруге уақыт шектеуін жояды,

– "педофилдерге арналған нұсқаулықтар" (баланы қалай азғыру керек, қалай ұсталып қалмау керек деген мазмұндағы жазбалар) тәрізді материалдарды тыйым салады.

“Бала қауіпсіздігін қорғаудан маңызды мәселе жоқ. Біз ешқашан тым амбициялы болып кете алмаймыз. Бұл – ортақ міндет”, - дейді Ішкі істер бойынша ЕО комиссары Магнус Бруннер.

«Ажырасып кеткен»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жас жігітпен ән айтып, елдің талқысына ұшырады Ер адам баласының көзінше әйелін өртеп жіберген «Жүкті кезде ішіме отырып, тоқтамай ұрды»: Танымал блогер бұрынғы күйеуінің көрсеткен қорлығын әшкереледі (ВИДЕО) Еуроодақ өкілі: АҚШ мұрнын сұққан сайын, Таяу Шығыстағы соғыс ушығып барады «Хайп үшін кісі өлтіруге барады»: Блогердің көше тазалаушыларды қорлағаны жұрттың ашуына тиді «Халықты қауіпті топ деп ойлап қалыппыз»: Гуманитарлық көмек күткен 50-ден астам палестиналық қаза тапты Ақтауда ер адам дүкенші әйелді ұрғаны үшін сотталып кетті (ВИДЕО) Енді Еуропарламент жасанды интеллект жасаған бала порнографиясын қылмыс санайды Автобус апатында екі аяғынан айырылған қызға өмір бойы 100 мың теңге беріледі Еурокомиссия Ресейдің мұнайы мен газынан түбегейлі бас тартуды жоспарлап жатыр Елена Рыбакина туған күнінде жеңіспен елді қуантты «Жаппай Каспийге бет алды»: Израиль шабуылынан кейін мыңдаған адам Ираннан қашуда Өңірлерде өрт қаупі жоғары Шымкентте жігіт сөйлесіп жүрген 17 жастағы қызды азаптап, мәйітін қорлады «Әлі атақ бермеген»: әртістер Бибігүл Төлегеноваға құрмет көрсетті «Легенда-легенда деген сайын…»: Қайрат Нұртас жас әншінің әнін рұқсатсыз орындаған Raim келіншегі Ерке Есмаханды перзентханадан шығарып алды «Сүйген жүрек» клипіндегі жігіт 20 жылдан кейін Мадина Сәдуақасоваға тосынсый жасады Сириялық дәрігер Асадтың режиміне сеніп, адамдарды азаптағаны үшін өмір бойына сотталды Мұқағали Мақатаевты қорлаған блогер көліктің кілтін беріп, бостандық алды