Әйгілі америкалық режиссер Дэвид Линч өмірден өтті

17.01.2025, 11:50
575
Әйгілі америкалық режиссер Дэвид Линч өмірден өтті Getty Images / Vittorio Zunino Celotto

«Твин Пикс» сериалының авторы, аңыз адам Дэвид Линч бақиға аттанды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Америкалық кинорежиссер Дэвид Линч 78 жасында қайтыс болды. Бұл туралы оның туыстары әлеуметтік желіде хабарлаған. Өткен жылы Линч ауырып жүргенін айтқан.

Америкалық кинорежиссер Дэвид Линч 78 жасында қайтыс болды. Линчтің өлімі туралы ақпарат оның Facebook парақшасында жарияланған.

"Талантты жан Дэвид Линчтің қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Қазір ол арамызда жоқ. Сол себепті ортамыз үңірейіп қалғандай күйдеміз", - делінген постта. 

The Variety басылымының мәліметінше, 2024 жылы Линч өмір бойы темекі шеккеннің салдарынан эмфизема ауруына шалдыққанын, әрі бұдан былай үйден шыға алмайтыны, режиссерлікпен айналыса алмайтыны туралы хабарланған еді. 

Айта кетейік, Дэвид Линч - америкалық кинорежиссер, сценарист, актер. 2019 жылғы Америка киноакадемиясының құрметті сыйлығының, сондай-ақ Канн кинофестивалінің "Алтын пальма бұтағы" және Венеция кинофестивалінің "Алтын арыстанының" иегері. Үздік режиссура үшін үш рет "Оскар" номинациясына ұсынылған. 

Дэвид Линч өз мансабын анимациядан бастаған ықпалды режиссер. Ол Twin Peaks культтік телехикаясының жасаушысы ретінде әлемге танылған. Сондай-ақ көрермендер мен сыншылар оны "Піл адам", "Көк барқыт" және "Малхолланд Драйв" сияқты фильмдері арқылы жақсы таниды.

«Өтірік іш салып алған»: Жұлдыз Әбдікәрімова суррогат ана туралы шындықты айтты «Өмірім оңынан өзгерді»: Танымал әнші Индира Елемес есімін азан шақырып өзгертті (ВИДЕО) Көпбалалы ана Айгүл Иманбаеваға ырымдап бриллиант білезігін сыйға берді (ВИДЕО) Танымал блогердің қыздарға жазған хаты әшкере болды (ФОТО) «Фонограммамен бір-екі ән айтып, кетіп қалды»: Төреғали Төреәлі мерейтойға ішіп келіп, сынға қалды (ФОТО) Шенеунік егіс екпеген фермерлердің жерін шетелдіктерге берем деп қорқытқан «Ресейді жамандап еді, үндері шықпай қалыпты»: Пугачеваны жұрт сынап тастады Алмас Өтешов басшылық лауазымға тағайындалды 132 қазақ азаматы Иранда, 219 — Израильде екені белгілі болды Иран зымыраны Израильдегі әйгілі Вейцман ғылыми институтын атқылады. Институттың қандай маңызы бар? +1 уәде: Трамп Израиль мен Иранды татуластыруға уәде берді Қазақстанда педофилияға қатысты қылмыстар азайды — Ерлан Қарин Енді қырғызстандықтар АҚШ-қа кіре алмайды Тегеран: «Бізге соққы жасалып жатқанда, бітім туралы әңгіме болмайды» Қазақстандағы алғашқы АЭС-тың құны сараптамадан кейін белгілі болмақ Reuters: Израиль Хаменейді өлтірмек болды, ал Трамп қастандыққа рұқсат бермеді Астанада 10 жасар қыздың саусағы қамыр кесетін аппаратқа қысылып қалған Air India AI171 ұшағының қара жәшіктері табылды Иран ядролық қаруының жоқ екеніне кепілдік беруге дайын екенін мәлімдеді Еліміздің барлық өңірінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды