Бизнес бастағысы келетін сегіз отбасыға 27 сиыр тауарлық несие ретінде берілген

17.01.2025, 13:52
709
Бизнес бастағысы келетін сегіз отбасыға 27 сиыр тауарлық несие ретінде берілген Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Бұқар жырау ауданында сегіз отбасы тауарлық несие ретінде 27 бас ірі қара малын алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды облысында «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру жалғасып жатыр. Мәселен Бұқар жырау ауданында алты шаруа қожалығы сегіз отбасына 27 бас ІҚМ тауарлық несие берілген. Жоба ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін іске қосылды.

Естеріңізге сала кетсек, тауарлық несиелеу келесідей жұмыс істейді: ауыл тұрғындарына ірі қара немесе ұсақ мал беріледі. Бес жыл ішінде үш төлдің екеуін қарыз алушылар несие берушіге беруге міндетті. Мысалы, бір сиырдан бес жыл ішінде ауыл тұрғыны үш бұзауды несие түрінде қайтаруы керек. Осы шарт орындалғаннан кейін және бес жыл өткеннен кейін тауарлық қарыз өтеледі.

– Тауарлық несиелендірудің артықшылығы – өз шаруашылығын айтарлықтай бастапқы салымдарсыз дамыту мүмкіндігі. 5 жыл ішінде отбасылар сүт сатудан табыс ала алады, бұл олардың қаржылық жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Несиені қайтару ақша қаражатымен емес, төлмен - бұзаулармен жүзеге асырылады, бұл қарыз алушыларға қаржы қысымын сезінбеуге және бір мезгілде өз шаруашылықтарын дамытуға мүмкіндік береді, – деді Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Манат Құрманғалиев.

Тауарлық несиені енгізу өзара тиімді шешім болды, деп есептейді кәсіпкерлер. Бұл ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға көмектеседі.

– Табысы төмен отбасылардың барлығы дерлік мал сатып алып, үй шаруашылығын жүргізе алмайды. Екі отбасына жеті бас ІҚМ бөлді. Мен ол екі отбасын да білемін. Олардың тұрмыс деңгейін көтеруге ұмтылуын қолдаймын. Сауын сиырлар бердім. Ауыл тұрғындары олардан сүт алып, май, қаймақ жинап, сататын болады. Бес жылдан кейін сиырлардың өздері де осы отбасыларда қалады. Маған барлығы төрт бұзау қайтарылады, – дейді «Үлкен» ШҚ басшысы Григорий Шарков.

Тауарлық несие аз қамтылған және көп балалы отбасылар үшін өте маңызды. Ақжар ауылының тұрғыны Руслан Башаев көп балалы әке. Ол тауарлық несие алғандардың бірі.

– Отбасым үлкен, балалардың болашағы туралы ойланамын. Маған тауарлық несиелеу бағдарламасына қатысу ұсынылғанда бірден келістім. «Арлан» шаруа қожалығының басшысы менің отбасыма үш сиыр бөлді. Несиелеу шарттары жақсы және тиімді, – деп атап өтті көп балалы әке.

Бұқар жырау ауданы тауарлық несиелендіру іске қосылған бірінші аудан болды. Бағдарламаны іске асыру одан әрі жалғасады.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды