Қазақстанда қасқырды аулауға рұқсат беріледі

17.01.2025, 15:25
884
Қазақстанда қасқырды аулауға рұқсат беріледі pixabay.com

Қасқырлардың санын реттеу үшін қасқырлар мен шибөрілерді аулауға рұқсат алу мүмкіндігі қолжетімді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда қасқыр мен шибөріні аулауға рұқсат беріледі. Биологиялық негіздемеге сәйкес аталған рұқсат 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін күшінде болады. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Instagram-дағы ресми парақшасы жазды. 

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 2025 жылға арналған Қазақстан аумағында қасқыр мен шибөріні аулаудың рұқсат етілген көлемі айқындалған биологиялық негіздеме әзірледі.

Осыған орай 2025 жылдың 15 қаңтары сағат 10:00-ден бастап санын реттеуге жататын жануарларды (қасқыр, шибөрі) аулауға рұқсат алу мүмкіндігі қолжетімді. Биологиялық негіздемеге сәйкес жануарлар санын реттеу мерзімі 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін бекітілген. 

Алайда кейбір облыстарда қасқыр мен шибөріні жаппай аулауға рұқсат жоқ. 

"Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Ұлытау облыстарында рұқсат тек үй жануарларына шабуыл жасалғаны дәлелдер болған жағдайда ғана беріледі", - делінген комитет хабарламасында.

Жануарлар санын реттеуге рұқсат алу рәсімі Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №347 "Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы бұйрығымен регламенттелген.

Бүгінгі таңда бұл қызмет толығымен автоматтандырылған, ол www.elicense.kz веб-порталында көрсетіледі. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды