«Орамал мен тоқалдан басқа ештеңе айтпайды»: Айгүл Орынбек Тазабековке шүйлікті

Аиса Махамбет Редактор
17.01.2025, 18:33
524
«Орамал мен тоқалдан басқа ештеңе айтпайды»: Айгүл Орынбек Тазабековке шүйлікті жеке мұрағатынан

Ата-анамды Меккеге арқалап емес, ұшақпен алып бардым дейді заңгер.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, заңгер Айгүл Орынбек айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабекке шүйлігіп, жіберген қателіктері тізбектеп шықты. Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды.

Заңгер Меккедегі әйел адамның құқығы ерекше қорғалғанын айрықша атап өтті.

«Мұхамеджан Тазабек ағамыздың жазбаларын оқып, Сауд Арабиясы артта қалған ел деп ойлайтын едім. Сөйтсем, бұл ел білім мен цифрлы жаһандану арқылы дамуға бар күшін салып жатыр екен. Ал біздің қазақтар сол елдің жаһандануына өз үлестерін қосып жатыр.

Тазабек қандай Меккеге барып жүргенін қайдам, бірақ мен барған Меккеде әйелдердің құқығы өте жоғары деңгейде екенін байқадым. Әсіресе ер азаматтар ақша табуды толық өз жауапкершілігіне алған. Әйелдер балаларын қалай асыраймын деп бас қатырмайды», - деп жазды заңгер.

Ол сөзін жалғай отырып, бұл елде бөлісуге тұрарлық пайдалы және қызықты дүниелер өте көп екенін тілге тиек етті.

«Қаңтар оқиғасы кезінде елден «талақ айтып» кеткен Мұхамеджан ағамыз кезінде осы елдің керемет тәжірибесін неге айтпады деген сұрақ мені мазалады.

Кофе ішіп, әтір сеуіп, қарапайым халыққа тек ақыл айтып қана қоймай, Сауд Арабиясы патшаларының өз халқына қандай жағдай жасап жатқанын насихаттамағаны өкінішті.

Оның жанындағы шапанын көтеріп жүрген шәкірттері мен Асыл арнасы тек құлшылық пен әйелдермен ұрсып, орамал мен тоқалдан басқа ештеңе айтпайтын.

Миы уланған қараңғы әйел топас ұрпақ тәрбиелейді. Ұлтты жойғың келсе, көп нәрсе қажет емес – әйелді білімсіз қылсаң жеткілікті», - деп ойын білдірді Айгүл Орынбек.

Заңгер діннің тарихына да тоқтала өтті.

«Ал Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қызы Фатимаға көрсеткен құрметі мен мәртебесін бұлар білмеді деу мүмкін емес. Әр елдің заңын, салт-дәстүрін сыйлап, құрмет көрсету – міндетім. Бірақ бұл мен орамалға келдім деген сөз емес!

Өздерің ше пәтуа шығарып жүрмеңдер. Ата-анамды Меккеге арқалап емес, ұшақпен алып бардым», - деп ойын аяқтады Аййгүл Орынбек.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады