847

«20 қария таяқ жеп келген»: Павлодардағы пансионатта қарттардың пәтерін жалдап, өздерін ұрып-соққан қылмыстық топ ұсталды

Павлодарлық пансионатта мүгедектігі бар қарттарды қылмыстық топ қорлап, оларды тонап келген.

«20 қария таяқ жеп келген»: Павлодардағы пансионатта қарттардың пәтерін жалдап, өздерін ұрып-соққан қылмыстық топ ұсталды
depositphotos.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, прокуратура қызметкерлері жеке пансионатта қарттарды ұрып-соғып, алаяқтықпен айналысып келген қылмыстық топты ұстады. Сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодарда қарт адамдарды азаптаумен және алаяқтық әрекеттермен айналысатын қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Қалалық прокуратура полиция департаментімен бірлесіп, мүгедектігі бар зейнеткерлерді үнемі ұрып-соққан жеке пансионатты анықтады.

Пансионат қызметкерлері 20 қарт адамның конституциялық құқықтарын өрескел бұзған (тамақтануын, қозғалысын шектеген, ұрып-соққан) және ұзақ уақыт бойы қайтыс болған адамдардың пәтерлерін жалға беріп келген, – деп мәлімдеді прокуратурадан.

Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Оларды тергеп-тексеру ішкі істер органдарына тапсырылды.

ҚР Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

https://kaz.inform.kz/

Материал авторы