Автобусты соғып, бір адамды қағып қашып кеткен атыраулық ұсталды

19.01.2025, 12:52
809
Автобусты соғып, бір адамды қағып қашып кеткен атыраулық ұсталды Pexels.com / Artyom Kulakov

Атырауда мас жүргізуші әуелі қоғамдық көлікті соғып, кейін жаяу жүргіншіні қаққан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда мас жүгізуші алдымен қоғамдық көлікті соққан. Сонан соң жаяу жүгінші қағып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Атырау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының рота командирі Аман Әділбаевтың айтуына қарағанда, оқиға кеше, 17 қаңтарда болған. 

– Атырау қаласының С.Датов көшесінде орналасқан С.Бейбарыс мешіті тұсында сағат 14:40 шамасында ВАЗ – 2111 көлігінің жүргізушісі жолаушыларды тасымалдап жүрген Yutong қоғамдық көлікті соққан. Кейін жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп бара жатқан 25 жастағы жігіт қаққан. Бірақ жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция қызметкрелері жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізушіні С.Бейбарыс және И.Тайманов көшелерінің қиылысында ұстады, -деп хабарлады Аман Әділбаев. 

Оның айтуынша, ұсталған жүргізуші медициналық сараптама жіберілген. Сараптама қорытындысымен 38 жастағы жүргізушінің орта дәрежелі мас екені анықталған. 

– Мас жүргізушінің көлігі арнайы тұраққа қойылды. Ал жүргізушіге қатысты іс құжаттары жинақталып жатыр. Жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтап, көлікті мас күйде айдамауды ескертеміз, -деп мәлім етті Аман Әділбаев.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды