Қамшыбек Қоңқабаев бокстан кетті
Токио олимпиадасының қола жүлдегері, танымал былғары қолғап шебері Қамшыбек өз мансабын аяқтады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қамшыбектің мансабын аяқтағаны жөнінде Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов айтты.
91 келіден жоғары салмақта жұдырықтасқан боксшы Қамшыбек Қоңқабаев мансабында:
Токио олимпиадасының қола жүлдегері,
Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019),
Азия чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019, 2021) атанған.
Ол биылғы Париж олимпиадасында алғашқы жұдырықтасуынан-ақ жеңілген еді.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші