Израиль қажет болған жағдайда Газадағы соғысты қайта ашатынын ескертті

Аиса Махамбет Редактор
19.01.2025, 16:15
646
Израиль қажет болған жағдайда Газадағы соғысты қайта ашатынын ескертті AP Photo / Julia Nikhinson

Сәрсенбі кешке Трамп маған телефон соғып, келісіммен құттықтады дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Израиль "қажет болған жағдайда" Газа секторындағы әскери операцияларды қайта бастауға дайын екенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху үндеу жолдап, келіссөздің талаптарын айтты.

"Келіссөздер барысында мен бірнеше қағидаттарды айқындадым. Бірінші қағида – қажет болған жағдайда әскери қимылдарды қайта бастау мүмкіндігін сақтау", – деді саясаткер.

Палестиналық ХАМАС қозғалысы кепілге алынған израильдіктерді босату үшін Израильден "соғысты алдын ала тоқтатуды" талап етті.

"Мен бұл шарттарды үзілді-кесілді қабылдамадым және менің ұстанымым қабылданды", – деп қосты Нетаньяху.

Израиль премьер-министрі мұндай қадамдарды Джо Байденнің қызметтен кеткен әкімшілігі мен АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп қолдағанын атап өтті.

"Сәрсенбі кешке Трамп маған телефон соғып, келісіммен құттықтады және оның бірінші кезеңі уақытша атысты тоқтату екенін баса айтты... Президент Трамп та, президент Байден де Израильдің соғыс қимылдарын қайта бастау құқығын толық қолдады. Екінші кезең бойынша келіссөздер нәтижесіз болса, соғысты қайта ашады деген қорытындыға келді", – деді ол.

Сонымен қатар Нетаньяху Израиль қорғаныс күштері  өз контингентін Филадельфия дәлізі аймағында, Газа секторы мен Египет арасындағы шекаралық аймақта ұстауға ниетті екенін мәлімдеді.

Нетаньяху Израильдің "соғыстың барлық мақсатын орындауға" және "барлығын үйлеріне қайтаруға" ниетті екенін айтты. Оның айтуынша, бүгінге дейін ХАМАС тұтқынынан 157 кепілге алынған, оның 117-сі тірі. Израиль мен палестиналық радикалды қозғалыс арасындағы келісімнің бірінші кезеңі аясында 33 израильдік үйлеріне оралады.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды