Семейдегі оқушы қыздардың төбелесі жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
19.01.2025, 16:51
1023
Семейдегі оқушы қыздардың төбелесі жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

Жедел тексеріс басталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Семейде оқушы қыздардың төбелесіне қатысты тексеріс басталды. Бұл туралы Информбюро бағдарламасы жеткізді.

Қаладағы базар маңында жиналып, төбелескен жасөспірімдердің ата-аналары жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Көпшіліктің жағасын ұстатқан видео әлеуметтік желіде таралды. 7-8 сыныптың қыздары топ болып жиналып, қатарластарын күшпен итеріп жібереді. Сосын жерге оңбай құлаған қызды мазақ қылады. Ары қарай екі оқушы сырт киімдерін шешіп, төбелесіп жатқанын көруге болады. Қалған қыздар видеоға түсіріп, жанжалды тамашалап тұр.

Қалалық білім бөлімінің басшылығы қызлар арасындағы төбелес сабақтан тыс уақыттта болғанын айтады. Оған қатысқан оқушылар анықталып, ата-аналарымен бірге полицияға бөлімшесіне жеткізілген.  

“Семей қаласының "Жансая" базары маңында екі мектептің 7-8 сынып қыздары арасында орын алған жанжал туралы ақпарат әлеуметтік желіде шықты. Бұл оқиға сабақтан тыс уақытта орын алды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Қатысушылар мен олардың заңды өкілері, содай-ақ білім беру мекемелерінің өкілдері тиісті құқық қорғау органдарына түсініктеме берді. Видеоны әлеуметтік желіде жариялаған оқушының заңды өкілдеріне ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес айыппұл салды”, – дейді Семей қаласы білім бөлімінің міндетін атқарушысы Макия Әмірханова. 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды