Танымал актриса Лейло Бекназар-Ханинганың күйеуі бақиға аттанды

Аиса Махамбет Редактор
20.01.2025, 11:28
2119
Танымал актриса Лейло Бекназар-Ханинганың күйеуі бақиға аттанды әлеуметтік желіден

Көпшілікке Келінжан телесериалы арқылы белгілі актрисаның жұбайы Юрий Бекназар-Ханинга өмірден өтті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Юрий Иванович Бекназар-Ханинга қайтыс болды.

Юрий Иванович 1949 жылы 11 ақпанда Өскеменде дүниеге келген. Кеңестік және қазақстандық театр актері, театр режиссері, ұстаз, профессор. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері.

1967 жылдан бастап Өскемен қаласында балалар спорт мектебінде жаттықтырушы, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

1971 жылы Өскемен педагогикалық институтының филология факультетін "орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі" біліктілігімен бітірді.

1973 жылдан Қазақстан театрларында (А.П. Чехов атындағы Павлодар драма театры, Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан драма театры, Б. Римова атындағы Талдықорған драма театры, А.Н.Островский атындағы Орал орыс драма театры, М.Ю.Лермонтов атындағы орыс драма театры, М.О.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, М.Горький атындағы орыс драма театры) актері, режиссер, бас режиссер, көркемдік жетекші қызметтерін атқарды.

1982 жылы Б.В.Щукин атындағы театр училищесінің режиссура факультетін (халық әртісі профессор А.М. Поламишевтің курсы) бітірген.

2000 жылдан бастап Қазақ ұлттық өнер университетінде актерлік шеберлік, 2004 жылдан бастап драма театры режиссурасынан сабақ береді, профессор. Оның тікелей басшылығымен және қатысуымен актерлік өнер менен режиссура кафедрасы (кейіннен – кино, ТВ және театр кафедрасы) құрылды.

Айта кетейік, Юрий Ханинга "Келінжан" сериалында Күлімжан болып ойнаған актриса Лейло Бекназардың күйеуі. 

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды