«Кімнің жолын кестің екен?!»: Беспаев 1 млрд теңге жымқырды деп айыпталған Мажағұловқа қолдау білдірді

Аиса Махамбет Редактор
20.01.2025, 12:15
2302
«Кімнің жолын кестің екен?!»: Беспаев 1 млрд теңге жымқырды деп айыпталған Мажағұловқа қолдау білдірді жеке мұрағатынан

Болат бауырымның басына бұлт үйірілгелі біраз болды деді әнші.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Мейрамбек Беспаев Астанада мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловқа қолдау білдірді. 

“Болат бауырымның басына бұлт үйірілгелі біраз болды. Кімнің жолын кесіп, кімнің алдынан көлденең өттің екен?! Жібі түзу дәлелі болмаса да сені әлі сүйреп жүр. Мен білікті басшы, өз ісінің маманы кім десе, сені көрсететін едім. Себебі, сен өнер мен мәдениеттің қарыштап дамуына қомақты үлес қостың. Жалаң аяқ жар кешіп, қызыл аяқ қыр кешіп жүріп еңбек еттің. Бұл күндер де өтер. Бөке, бір кездері қолтығынан демеп, қасынан табылған өнер адамдары сенімен бірге. Біз бұл істің әділ шешім табатынына сенеміз. Қаратаудай қайғы арқаласа да қайыспайтын ердің ұрпағысың. Мықты бол. Жақсы күнде жадырап отыруды жазсын!”, – деп жазды әнші. 

Еске салайық, Болат Мажағұлов 2016 жылы Күн фонтанының құрылысы кезінде ұрлық жасады деген күдікке ілінген. Нысанның ашылуы елорданың бұрынғы президенттің туған күніне орайластырылған. Алайда 2017 жылдан бері субұрқақ жарамсыз күйде тұр.

Астанада мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов пен мердігер ұйымның өкіліне қатысты сот ісі басталды. 

Мажағұловтың қорғаушылары оның қамауда ұстау шарасын үйқамаққа немесе келу міндеттемесіне ауыстыруды сұрады. Алайда прокурор мен басқа айыпталушының қорғаушысы бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартуды талап етті.

"Себебі Мажағұлов Б.Б. ауыр қылмыс бойынша айыпталып, ал Қанапин М.С. қылмыс жасауға көмектескені үшін айыпталып отыр. Сонымен қатар Мажағұлов Б.Б. тергеу кезінде қашып кетуге әрекеттенген. Ол тергеушімен бетпе-бет кездесуге келмеген және шетелге ұшуға билет алған", – деп хабарланды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды