Алтынай Жорабаева соғымын көрсетіп, көпшілікке ұнамай қалды

Аиса Махамбет Редактор
20.01.2025, 15:20
1632
Алтынай Жорабаева соғымын көрсетіп, көпшілікке ұнамай қалды жеке мұрағатынан

Әнші бір қыста екі жылқы жейміз деген жұртқа жақпады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Құрмет орденінің иегері, әнші Алтынай Жорабаева қыста жейтін соғымын көрсетіп, сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Өнер иесі балконға жайып сақтайтын еттерін қайдан алатынын жасырмады. 

“Ет жейтін қазақтармыз. Соғым шүйгін болсын! Бір қыста екі жылқы жеп қоямыз. Астанаға көшіп келгелі ет жейтін болыппын. Жалпы етті көп жемеуші едім. Мына тұрған бір жасар тайдың еті. Қыс бойы балконға сақтаймын. Шымкентте етті тек тұзбен ғана тұздайды. Сарымсақ, бұрыш дегендерді қоспайды. Мен де солай жақсы көремін”, – деді әнші. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, өнер иесінің мақтаншақтығын сөз етіп жатыр. 

“Мұны көрген Тоқаев халықтың жағдайы жақсы деп ойлайды”, “Осылар көз бен сөзден қорықпайды”, “Етіңізге көз тисе, иесінің іші өтеді”, “Жаман жегенін айтады”, “Мақтанатын басқа дым қалмады”, “Қаншама халық аш отыр?!”, “Соғым алсын бірақ қазысы тым көп емес пе?!”, – деп жазды оқырман қауым. 

Рыбакина Porsche ұтып алған соң ғана жүргізуші куәлігін алғанын мойындады Атырауда қабірден қару шықты Қарағандыда мәдениет үйінің қасбеті құлаған 2 жасар Әмір жансақтау бөлімінде жатыр Еуропада авиаотын небәрі алты аптаға жетуі мүмкін Қазақстанды дауыл мен көктайғақ қатар қыспаққа алды «Тұйық, жалғыз жүретін»: 9 адамды атып өлтірген 14 жасар күдікті туралы жаңа деректер шықты Ұлытауда адвокат 31 млн теңгені алдап алып, сот алдынан бір-ақ шықты Биыл «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында алты елдің өкілдері бақ сынайды Ердоғанның шақыруымен Тоқаев Түркияға барады «Өшіреміз! Әзіл»: Қарағанды әкімі жылуға қатысты шағымдарға жауап берді Алматыда пышақ ұстаған ер адам көшеде адамдарды қуған Оралда алаяқтар әйелді 3 млн теңгеге алдамақ болған Шымкентте жалған Coca-Cola сусынының көшірмесі сатылып келген Семейдегі құрылыс алаңында жараланған 20 жастағы жігіт қолынан айырылды Атырауда түйе ұрлаған қылмыстық топ қолға түсті Шымкент әуежайында ұшақ итті қағып кетті Қазақстаннан күтпеген көмек: Дағыстан белсендісі бір бума доллар алғанын айтты (ВИДЕО) Қостанайлық блогер көшенің қақ ортасында қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Бастары дауға қалған әнші BayanSulu мен сазгер Қуат Әбілов татуласты (ВИДЕО) Астанада жасөспірім мектеп аумағына көлікпен кіріп, төбелес шығарған (ВИДЕО)