Тоқаев мүгедектігі бар адамға көмектескен автобус жүргізушісін медельмен марапаттады

Аиса Махамбет Редактор
20.01.2025, 18:36
613
Тоқаев мүгедектігі бар адамға көмектескен автобус жүргізушісін медельмен марапаттады бейнежазбадан алынған кадр

Жұмысшылар жылында Тоқаев әлеуметтік желіде танылған жүргізушіге медаль тақты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Президент Алматыдағы автобус жүргізушісін "Шапағат" медалімен марапаттады. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігін көрсеткен алматылық автобус жүргізушісі Қанат Ахметовті марапаттады. 

Мемлекеттік сыйлықты Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин табыстады.

Айта кетейік, бұған дейін желіде автобус жүргізушісінің мүгедектер арбасындағы жолаушыны автобусқа отырғызуға көмектескен сәті түсірілген видео тараған еді. 

Қанат Ахметов "жұмысшы мамандықтары жылы" деп жариялаған 2025 жылы мемлекеттік наградамен марапатталған жұмысшы мамандықтарының бірінші өкілі атанды.

Қанат Ахметов президентке көңіл бөліп, қолдау көрсеткені үшін жылы лебізін білдірді.

Қанат Ахметов төрт баланың әкесі, "Алматыэлектротранс" мекемесінде бір жылға жуық автобус жүргізушісі болып жұмыс істейді екен. 

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)