«Наурыз» ипотекалық бағдарламасының екінші кезеңі іске қосылмақ

21.01.2025, 09:46
716
«Наурыз» ипотекалық бағдарламасының екінші кезеңі іске қосылмақ SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Өтінім беру үшін депозитте 2 млн теңге болуы шарт.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Отбасы банк алдағы наурыз айына дейін «Наурыз» бағдарламасының екінші кезеңі іске қосылатынын жеткізді. Бұл туралы Kazinform агенттігінің сауалына Отбасы банктің ресми жауабында айтылған.

«2025 жылдың бірінші тоқсанында «Наурыз» бағдарламасының екінші кезеңін іске қосу жоспарланып отыр. Ол жаңа шарттармен жұмыс істейтін болады. Бағдарламадағы өзгеріс депозиттегі жинақталған қаражаттың ең төменгі сомасына қатысты. Енді «Наурыз» бағдарламасына қатысуға өтінім беру үшін жинақта кемінде 2 миллион теңге болуы қажет», – делінген хабарламада. 

Банк бұл шара бағдарламаға халықтың үлкен сұранысына байланысты қолға алынғанын және ол қатысушылар арасында әділ іріктеуді арттыруға бағытталғанын атап өткен. Яғни тұрғын үй жағдайын жақсартуға шынайы мақсат қойған және ең төменгі бастапқы жарнаны жинауға қауқары бар салымшыларға көбірек мүмкіндік беріледі.

Одан бөлек, «Наурыз» бағдарламасы бойынша алғашқы жарнаға қатысты да өзгеріс енгізілетіні айтылған.

«Енді таза әрлеудегі тұрғын үйді таңдай отырып, бағдарламаға қатысушыларға қарыз сомасының 10% мөлшерінде, бірақ кемінде 2 миллион теңге бастапқы жарна төлеуі жеткілікті. Бұл өзгеріс құрылыс компанияларын сатуға қойылған таза әрлеудегі тұрғын үйлердің санын арттыруға ынталандырады», – делінген хабарламада.

 

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды