Air Astana бұдан былай FlyArystan үшін сотта жауап бермейді

21.01.2025, 11:34
33193
Air Astana бұдан былай FlyArystan үшін сотта жауап бермейді Shutterstock

Бірқатар атышулы істерден кейін Air Astana өзіне меншікті компания FlyArystan үшін жауапты болудан бас тартты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Air Astana 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап FlyArystan-ға қарсы сот ісін жүргізуде жауапкер болып табылмайды. Бұл туралы әуетасымалдаушыға қарсы бірқатар атышулы істер бойынша талап қоюшылардың мүддесін қорғаған адвокат Данилхан Шағатаев хабарлады. 

 – Маңызды жаңалық! Ақпарат тек азаматтар үшін ғана емес, сонымен қатар тәжірибелі заңгерлер мен адвокаттар үшін де пайдалы болады. Бүгін сот отырысында «Air Astana» компаниясының өкілі 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап FlyArystan сот процесіне тәуелсіз қатысушы болып табылатынын мәлімдеді. Ол нені білдіреді? Егер бұрын FlyArystan-ға қарсы сот даулары туындаған жағдайда, «Air Astana» компаниясына қарсы шағымдар берілсе, енді FlyArystan сотта жауапкер ретінде өз бетінше әрекет ететін болады, – деп хабарлады адвокат әлеуметтік желіде.

Оның айтуынша, бұл FlyArystan-ды Air Astana-дан бөлу үдерісіне байланысты, ол енді FlyArystan үшін мүліктік жауапкершілік көтермейді.

– Бұл жерде айта кететін жайт, егер сот дауы 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін қозғалса, онда Эйр Астанаға қатысты шағымдар бұрынғыдай қаралатын болады, – деп атап өтті Шағатаев.

Еске салайық, Данилхан Шағатаев әуе компаниясы қызметкерлерінің кінәсінен қызы Астана әуежайында қараусыз қалған Орал тұрғынының мүддесін қорғаған болатын. Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының шешіміне қатысты «Air Astana» әуе компаниясының шағымын қарау қаңтар айының ортасында аяқталған еді.

Бұған дейін тасымалдаушы компания моральдық өтемақыны 5 миллионнан 1,5 млн теңгеге дейін төмендетуді сұраған болатын. Алматы қалалық сотының алқасы шағымды қанағаттандырмай, шешімді өзгеріссіз қалдырды. Бұл бірінші соттың шешімімен баланың анасына 5 миллион моральдық өтемақы беріледі деген сөз. Оқиға 20 шілде күні болған.

Өткен жылдың желтоқсан айының соңында адвокат Данилхан Шағатаев тағы бір атышулы іс туралы хабарлаған. 10 жасар бала КС 915 Алматы-Анталия рейсімен топ құрамында футбол оқу-жаттығу жиынына барған. Ұшуға тіркелу, күзет арқылы өту және ұшаққа отырғызу кезінде баланың мойнында арнайы сөмкеде болған барлық қажетті құжаттары болған. Алайда Түркияға келген бала төлқұжатын жоғалтып алғанын біліп, оны ілеспе Air Astana қызметкеріне хабарлаған, бірақ төлқұжат табылмаған. Нәтижесінде төлқұжаты жоқ бала Түркияда паспорттық бақылаудан өте алмай, депортациялау үшін арнайы бөлмеге орналастырылған.

Айта кетейік, FlyArystan – «Air Astana» әуе компаниясының еншілес компаниясы.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды