827

Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі болып белгілі журналист Нұрсұлтан Құрман тағайындалды

Нұрсұлтан Құрман бұған дейін вице-президенті қызметін атқарған.

Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі болып белгілі журналист Нұрсұлтан Құрман тағайындалды
kff.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі болып журналист әрі тележүргізуші Нұрсұлтан Құрман тағайындалды. Бұл туралы kkf.kz сайты жазды.

Ақпарат Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтында жарияланды, сондай-ақ Нұрсұлтан Құрман бұл жаңалықпен өз Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында да бөлісті.

Нұрсұлтан Құрман отандық спорт қауымдастығына бұрыннан таныс тұлға. Бұған дейін ол 2023-2024 жылдары Қазақстан футзал қауымдастығының вице-президенті қызметін атқарған.

Материал авторы