Қазақстанда тағы бір жол ақылы болмақ
Жол 26 қаңтардан бастап ақылы негізге ауыспақ.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 26 қаңтардан бастап «Қызылорда-Арал» жолы ақылы болады.
Көлік министрлігінің 2025 жылғы 9 қаңтардағы №6 бұйрығына сәйкес, Қызылорда мен Арал қалаларын байланыстыратын автожол автобус пен жүк көліктері үшін ақылы болады.
Дәлірек айтқанда, ІІ техникалық санаттағы ұзындығы 454 шақырым жол учаскесі ақы алу жүйесіне 2025 жылғы 26 қаңтардан бастап іске қосылады.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші