«Маған жараспайды»: Мақпал Жүнісова «ағылшынша ән орындағаны» туралы (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
22.01.2025, 13:35
984
«Маған жараспайды»: Мақпал Жүнісова «ағылшынша ән орындағаны» туралы (ВИДЕО) жеке мұрағатынан

Өзімді ұрлықшы сияқты кінәлі сезініп тұрмын дейді әнші.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мақпал Жүнісова жасанды интеллект арқылы жасалған видеоға қатысты пікір білдірді. 

Өнер иесі дауысын пайдаланып, видео жасап, желіде таратқандарға ескерту жасады. 

“Бәрі таратып жатыр, бірақ маған ұнамайды бұл. Ауылды туған қазақтың қызымын ғой. Бұлар заңды бұзып отыр. Менің орындамаған әндерімді мен орындады деп отыр. Қазір қатты таратып жатыр. Мен ағылшынша орындамағаннан кейін ұрлықшы сияқты болып тұрмын. Өзімді кінәлі сезініп тұрмын. Сосын маған жараспайды екен. Өзім қазақтың иісі аңқыған қызбын ғой, қазақ тілінде ғана жақсы орындай аламын деп айта аламын", – деп ақталды әнші.

Одан кейін өнер иесі хит болып жатқан “Монолог” әнінің шығу тарихын да айтып берді. 

“Зәкеңнің өмірге келгеніне 80 жыл ғой. Осы күнге дейін Зәкеме арнап орындаған әндерімді әбден зерттеп, айтқым келген, жеткізгім келген сөздерімді, сағынышымды бір әнге сыйдыра алдым. Көптен көкейде жүрген өрт, өксіктің бәрі тіріліп, әнді әрең орындадым. Қанша ауыр болса да, осы әнді таспалағаннан кейін бір жеңілдеп қалғандаймын. Жалпы, кез-келген қасірет сейіледі екен, ауырлық жеңілдейді екен, мұң, шер, дерт емделеді екен. Тек қалатыны сағыныш екен. Мұндай азапты арқалаған мен ғана емес, талай қазақ қызы арқасүйерінен айырылды, талай қазақ жігіті сүйгенінен ажырап, ұрпағын жалғыз жеткізіп келеді. Мына ән менің монологым ғана емес, сондай тағдырға душар болған қанша жанның іштегі шерін шығарып, бақиға аттанған серігіне айтқысы келген ойларды, сөздерді жеткізетін ән болды деп білемін. Мұнан кейін ауыр әндерді орындағым келмейді. Жас келді, жүрек те бұрынғыдай бар жүкті көтере беретін қауқар да емес”, – деп жазды халық әртісі. 

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді