1255

Саранда сатушы әйелді айуандықпен өлтірген 50 жастағы күдікті ұсталды (ВИДЕО)

Сатушы бар болғаны 27 жаста болған…

Саранда сатушы әйелді айуандықпен өлтірген 50 жастағы күдікті ұсталды (ВИДЕО)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды ​​облысының Саран қаласында полицейлер дүкен сатушысына шабуыл жасаған 50 жастағы ер адамды ұстады.

22 қаңтарда бейтаныс біреу азық-түлік дүкенінің сатушысын пышақтап кеткен еді. Әйел көз жұмды.

Желіде оқиғаның видеосы тарады. Онда ер адамның азық-түлік дүкеніне пышақпен кіргенін көруге болады. Бүгін, 23 қаңтарда күдіктінің ұсталғаны белгілі болды.

Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде 27 жастағы Саран тұрғынын өлтірген күдікті ұсталды. Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің жедел-тергеу тобы 50 жастағы ер адамды қамауға алды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр, - деп хабарлады Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі Саран қаласының 27 жастағы тұрғынының өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді.

Материал авторы